Сенбі, 18 Тамыз 2018
Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы, "Талдықорған" индустриялық аймағының бос алаңдары, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен ұштастырылған қолайлы су және экологиялық жағдайлары бар.

Мемлекеттік кірістер басқармасы

Мемлекеттік кірістер басқармасы

Санат: Мемлекеттік кірістер басқармасы
Уақыты: 13.03.2018
Оқылды: 162 Печать страницы
“Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы” РММ
 
Мекен-жайы: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 111, тел.: 8 (7282) 245167, БСН 090440000545,
тел. 24-51-67.
 

 
Басшы - Толенды Нурдаулетович Керимбеков
 
Басшының орынбасарлары:
  1. Анарбек Асибаевич Сеитов, тел. 24-43-98;
  2. Галым Сесембаевич Абилов, тел. 24-79-78.

 
Бюджеттің орындалуы
2017 жылы мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспар 108,2% орындалды. Болжам бойынша 34 347 302,0 тың теңгенің орнына 37 150 832,2 мың теңге түсті немесе 2 803 530,2 мың теңгеге артығымен орындалды.
2016 жылмен салыстырғанда бюджетке 11 881 597,2 мың теңге артығымен түсіп, өсу қарқыны 147,0% құрады.
 
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
Қазіргі таңда Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 64 мемлекеттік қызметкер қызмет етеді. Басқарма 9 бөлімнен тұрады. Оның ішінде жеке кәсіпкерлерге, заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін кедергісіз (барьерсіз), екі орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтарда 17 қызметкер салық төлеушілерге ҚР Өкіметінің 18 қыркүйек 2013 жылғы №983 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, қызметтің 16 түрін көрсетеді. Оның 14 автоматтандырылған, ал 2 қағаз тасығышта.
Басқармада электрондық кезек жүйесі енгізілген, кіреберісте басқарманың маманы – модератор салық төлеушілердің сұрақтарына жауап беріп, электрондық кезектің талонымен қамтамасыз етіп, және тиісті орынға салық төлеушіні жібереді және қызмет көрсету мерзімін қадағалайды. Электрондық қызмет көрсету жүйесі (ЭСУО) Орталық аппараттың ахуалдық орталық жүйесіне қосылған (Ситуационный центр ЦА КГД МФ РК).
Орталықта күнделікті 300-ден аса адамға мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Салық төлеушілерге арналған салық есептілігін өткізу үшін терминал жұмыс атқарады. Мұнда 20 орын арнайы компьютерлік техникамен жабдықталған.
Тіркеуде тұрған салық төлеушілер
Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 2018 жылдың 1-ші қаңтар айына әрекетті 11039 салық төлеуші тіркеуде, оның ішінде 2843 заңды тұлға, 8196 жеке кәсіпкерлер. Ал жеке тұлғалар саны 172096.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.