Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Кірістер мен шығыстар жалпыға бірдей декларациялау

Санат: Мемлекеттік кірістер басқармасы
Уақыты: 28.10.2019
Оқылды: 124 Печать страницы

         2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі.

Ағымдағы жылдың 03 шілдесінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№262-VI ҚРЗ) Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бірінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:

жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан  бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

Осыған байланысты, E-gov.kz «Электрондық үкімет порталында», жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы алдын ала толтырылған декларацияны электронды түрде ұсыну үшін функционал жүзеге асырылғанын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен (ҚР ҚТО) құрылған электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады. ҚР ҚТО ЭЦК ҚҚО тегін алуға болады.

Жалпыға бірдей декларациялау 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделгенін ескере отырып, бұл қызмет сынақ қызметі болып табылады және тек алдын ала дайындау-ақпараттық мақсаттын көздейді. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін осы сервисте декларацияны табыс ету міндетті болып табылмайды, осыған байланысты пайдаланушының оны ұсыну нəтижелері бойынша жауапкершілігі туындамайды.

         Сондықтан, жоғарыда көрсетілген тұлғалар 250.00. нысанды жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны сынақ түрінде ұсынуға болатынын ескертеміз.

         Сонымен қатар, kgd.gov.kz интернет-ресурсында барлық қажетті түсіндірме ақпараттары бар «Жалпыға бірдей декларация» бөлімі құрылған.

 
Талдықорған қаласы бойынша МКБ 
бас маманы М.Атманов

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.