Жұма, 21 Ақпан 2020
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны жасау қағидалары (230.00-нысан)

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.02.2020
Оқылды: 56 Печать страницы

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны

жасау қағидалары (230.00-нысан)

 

              Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны жасау қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Кодексіне сәйкес әзірленген. Декларацияны Салық кодексінің 363-бабы 2-тармағына сәйкес ҚР Парламенті депутаттары, соттары, сондай-ақ ҚР сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар туралы заңнамалық актілеріне және ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген жеке тұлғалар жасайды.

         Декларация декларацияның өзінен (230.00-нысан) және есептелген салық міндеттемесі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (230.01-ден 230.04-ке дейінгі нысандар) тұрады.

    230.01 қосымшасы мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамдардың, оның ішінде сайлау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың және олардың жұбайлары табыс етеді.

         230.02 қосымшасы мемлекеттік қызметтегі тұлғалардың және олардың жұбайларының, сондай-ақ өзге санаттағы жеке тұлғалардың, оның ішінде жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы, және олардың жұбайларының, сондай-ақ Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың есепті салық кезеңінде алған табыстарын және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша декларациялануға арналған.

         230.03 қосымша мемлекеттік қызметтегі тұлғалардың және олардың жұбайларының, сондай-ақ өзге санаттағы жеке тұлғалардың, оның ішінде жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы, және олардың жұбайларының, сондай-ақ Қылмыстық-атқару кодексінің169-бабына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден алған немесе алынуға жататын табыстарын көрсетуге арналған. 230.04 қосымшасында бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасының, есепке жатқызылуы тиіс бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан пайдаға салынатын салықтың, бақыланатын шетелдік компанияның кірісінен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, бақыланатын шетелдік компанияның салық салынатын табысынан төленген корпоративтік табыс салығының сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

         Кезекті жыл сайынғы декларацияны табыс ету мерзімі ағымдағы жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

         Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабына сәйкес, жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар, жазаның қалған бөлігін өтегенше аталған декларацияны табыс етуі тиіс.

 

Талдықорған қаласы бойынша

 мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Атманов М.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.