Сейсенбі, 31 Наурыз 2020
Талдықорған Жетісу аймағы Қаратал өзенінің бойында Жоңғар Алатауының батыс жағында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км, батыстан шығысқа – 17,5 км созылып жатыр, теңіз деңгейінен 650 м-ден астам биіктікте орналасқан.

"Абай дана, Абай дара қазақта"

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.02.2020
Оқылды: 56 Печать страницы

Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Осы орайдақалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақпан айының 13-ші жұлдызында №2 мектептің 7а-7ә сынып оқушыларыменАбай Кұнанбайұлының 175 жылдығына орай « Абай дана, Абай дара қазақта» атты әдеби – сазды кеш өтті.Шараның мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру , елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуды еліміздің жас буын санасына енгізу. Абай шығармашылығын жасөспірімдердің жүрегіне терең бойлатып, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау. Аталмыш кеште кітапханашы Г.Майлянова Абай өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқыса,оқушылар ұлы ақынның терең ұғымды өлеңдері мен әндерін орындады. Олардың ішінде «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Әсемпаз болма әрнеге» , «Ғылым таппай мақтанба», «Не верь разным людям» өлеңдері оқылды. Шараға байланысты «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Кешті А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен Тұрлыбек Аманжол аяқтады. Абай мерекесі- халық мерейі, ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек.Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге мәңгі өмір сүре бермек! Шараға 35 адам қатысты.

На изображении может находиться: 2 человека

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят

На изображении может находиться: 25 человек, люди стоят и в помещении

 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.