Бейсенбі, 28 Мамыр 2020
Талдықорған Жетісу аймағы Қаратал өзенінің бойында Жоңғар Алатауының батыс жағында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км, батыстан шығысқа – 17,5 км созылып жатыр, теңіз деңгейінен 650 м-ден астам биіктікте орналасқан.

Жеке сот орындаушылардың назарына!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.05.2020
Оқылды: 49 Печать страницы

                         

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 208 «Қазақстан Республикасының қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ережелері»  2-тармағының 15-пунктіне сәйкес, төлем тапсырмасы төлем тапсырмасында көрсетілген сомада және ондағы деректемелерге сәйкес бенефициардың пайдасына қолма-қол ақшасыз төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақша жөнелтушінің банкке тапсырмасын білдіреді.

Ақша жөнелтуші қолма-қол ақшасыз төлемді және (немесе) ақша аударымын бенефициардың пайдасына Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асыру үшін банкке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынады.

Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде ақша жөнелтуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынады.

Ақша жөнелтушінің Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынуына жол беріледі.

"Төлем белгілеу" бағанында ақша жөнелтуші төлемнің белгіленуін, қолма-қол ақшасыз төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға негіз болатын құжаттың (ол бар болса) атауын, нөмірі мен күнін және Қағидаларда көзделген өзге деректемелерді көрсетеді, сондай-ақ "төлем белгілеу коды" бағанында төлемнің код белгіленімі көрсетіледі.

Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгіленімі көрсетіледі. Бюджеттік жіктеу кодын төлем тапсырмасында дұрыс көрсетуді жөнелтуші қамтамасыз етеді.

Заңды тұлға бюджетке төлемдерді, сондай-ақ өзінің оқшауланған бөлімшелері үшін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеген кезде "төлем белгілеу" бағанында бастапқыда заңды тұлғаның төлем жүзеге асырылатын оқшауланған бөлімшесінің БСН және оның атауы, содан кейін төлемнің белгіленуі көрсетіледі.

Көлік құралының салығын төлеу кезінде (оның ішінде электрондық қондырғы арқылы) "төлем белгілеу" бағанында мынадай жүйелілікпен "VIN" сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, "/V" символдары, төлемнің белгіленуі көрсетіледі.

Сот орындаушысы атқарушылық өндіріс шеңберінде борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді төлеген кезде мынадай жүйелілікпен "төлем белгілеу" бағанында алдымен төлем жүзеге асырылатын борышкердің ЖСН, оның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не тегі мен инициалдары, төлемнің белгіленуі көрсетіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдар төлеу кезінде "төлем белгілеу" бағанында мынадай жүйелілікпен "ADM" сөзі, әкімшілік материалдың сәйкестендіру нөмірі, "/А" символдары, төлемнің белгіленуі көрсетіледі.

                                                                             

Талдықорған қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.