Бейсенбі, 16 Шілде 2020
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Құрметті оқушылар! Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар! Мектеп бітіруші түлектер!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.05.2020
Оқылды: 83 Печать страницы
Құрметті оқушылар! Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар! Мектеп бітіруші түлектер!


Баршаңызды бүгінгі оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Әбір ата-ана, ұстаз әлпештеп өсіріп, тәрбиелеген балаларының өмірден өз орындарын табуына, олардың бақытты болуларына бар мүмкіндігін жұмсайды.
Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың да өз ерекшеліктері болды. Әрқашан да біздің мемлекет білім беру саласына айрықша көңіл бөледі, оның көрінісін өзіміздің Талдықорған қаласынан да айқын байқауға болады.
Мәселен, өткен жылы қалалық білім саласына бөлінген қаржы 11 млрд. теңге көлемінде болса, биыл 15 млрд. теңгеге дейін арттырылды, бұл қала бюджетінің 30 пайызынан асады.
Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қолдауымен жалпы құны 1,9 млрд. Қаражатқа 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
3 мектептің аумағы абаттандырылады, жалпы сомасы 334,2 млн. теңге
Мектептердің материалдық-техникалық базасын күшейту де басты назарда, бүгінгі күнге 58,8 млн. теңге қаражатқа 123 ноутбук, 4 жаңа модификациялық кабинет алынды. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына 44,2 млн. теңгеге оқулықтар алынады.

Мектеп қабырғасын ағымдағы жылы 1154 түлек аяқтағалы отыр, олардың 57-сі «Алтын белгі», 38-і «Үздік аттестат» иегері болып аяқтауда.
Бала тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін ата-аналар Сіздерге алғысым шексіз.
Әр жетістік ең алдымен ұстаз шеберлігінің, мектеп ұжымының, мұғалімдердің, мектеп басшыларының қажырлы еңбегінің арқасы деп білеміз.
Сондықтан, бүгінгі мерекелі күні баршаңызға ерекше ілтипатпен алғыс айтқым келеді.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.