Бейсенбі, 16 Шілде 2020
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

Үйден шықпай-ақ оңай əрі жылдам қызмет ал!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.06.2020
Оқылды: 79 Печать страницы
Үйден шықпай-ақ оңай əрі жылдам қызмет ал!

«Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту"* мемлекеттік көрсетілетін қызметі электронды түрде *"электрондық үкіметтің" www.egov.kz* веб-порталы арқылы жүзеге асырылатынын хабарлайды.
✔Көрсетілуі мерзімі - *7 (жеті) жұмыс күні.*
✔Көрсету нәтижесі қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
✔Жеке және заңды тұлғаларға тегін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

*Құжаттар тізбесі:*
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекiтуге электрондық өтініш;
2) Жерге орналастыру жобасының электрондық көшірмесі (жобаның сканкөшірмесі);
3) мұнай мен газды кейiннен сақтау және көлiктiң басқа түрлеріне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнің құрылысы үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
*Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:*
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.

*Ескерту!* Кез келген электронды көрсетілетін мемлекеттік қызмет электронды цифрлық қолтаңба бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.