Сәрсенбі, 18 Шілде 2018
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.05.2018
Оқылды: 106 Печать страницы
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Аса қадірменді Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті Талдықорғандықтар мен қала қонақтары!
Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Қымбатты ардагерлер!
Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Қандай шаруаға да белсене қатыстыңыздар. Бүгінгі күні де біздің ортақ проблемаларымыздан шет қалмайсыздар, даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.
Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін!
Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.