Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018
Қалалық және ауылдық көше-жол желісін жалпы ұзындығы 427,9 км., оның ішінде 77% қала көшелері және 23% ауылдық елді мекен.

Жаңалықтар

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 10.05.2018
Оқылды: 48 Печать страницы
2018 жылдың 1 мамырына атқарған жұмыстары туралы
Ақпарат
 
Қала халқының саны 172,7 мың адамды құрады.
«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне 2018 жылдың 1 мамырына 1901 жұмыссыз азаматтар хабарласты. Осы хабарласқан азаматтардың ішінен 1177 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмысқа орналастырылғандар деңгейі 61,9 %.
Экономикалық белсенді тобының ішіндегі тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,2 пайызды құрады.
Экономикалық белсенді тобының ішіндегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайыз.
2018 жылға 3092 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, бүгінгі күнге 884 жаңа жұмыс орны ашылды, құрылыс- 708, сауда-14, білім-20, басқа түрлері - 142 (жоспардың орындалуы 28,6 пайыз).
2018 жылға қоғамдық жұмысқа 1300 адамды жолдамамен жіберу жоспарланған, бүгінгі күнге 557 жұмыссыз азаматтар жолдамамен жіберілді, оның ішінде ҚБ «Ерлік»-12 адам, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-12 адам, «Байтерек» ҚБ - 10 адам, «Корпоративтік фонд Қазақ соқырлар қоғамында» -
12 адам.
2018 жылдың 1 мамырына 69 мүмкіндігі шектеулі азаматтар хабарласып, Оның ішінде 63 адам қоғамдық жұмыстарға, 1 адам жастар тәжірибесіне,
1 адам кәсіби оқуға жолдама алды, 4 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Қала аумағындағы жартылай немесе толық тоқтатылған кәсіпорындар, олардан жұмыскерлерді қысқарту, ақысыз демалысқа жіберу туралы мәліметтер бойынша мониторинг жүргізіліп Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолданылуда.
2018 жылдың 21 ақпанында «Жастарға қызмет көрсету орталығында» өңіраралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілерінен 1162 бос жұмыс орындары ұсынылды. Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілерінің өкілдері мен аудан қала әкімдіктерінің мамандары 13 ауданды және 1 қаланы таныстырып, 27 адамға кеңес берді. Жәрмеңкенің жұмысына 370 жұмыссыз азаматтар және басқа облыстарға көшуге ниет білдіруші азаматтар қатысып, 173 адам толық мәліметтер алды. Жәрмеңкенің жұмысы туралы «Жетісу» телекомпаниясы және басқа да БАҚ өкілдері қатысты.
2018 жылдың 13 наурызында қалалық Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімінің мәжіліс залында, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облысының жұмыспен қамту орталығы мамандары мен жұмыс берушілерінің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
2018 жылы 15 наурызында жұмыспен қамту орталығының мамандары Ішкі істер бассқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың арасында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңес берілді.
Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдау ретінде мемлекет тарапынан жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып отыр. 2018 жылдың 1 мамырына 1351 отбасыларға, 5795 отбасы мүшелеріне, мемлекеттік әлеуметтік көмек 100,0 млн. теңге төленді. 1 адамға орташа төлемі 4312 теңгені құрады.
2018 жылдың 1 мамырына тұрғын үй көмегімен 559 отбасы, оның ішінде 902 отбасы мүшелерімен 14,4 млн. теңге сомасында қамтамасыз етілді.
71 түберкулез індетімен ауратын азаматтарға 2,3 млн. теңге тағайындалып төленді.
Талдықорған қаласындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асыруда, әлеуметтік инфрақұрылым мекемелерде мүгедектерге арналған пандустар орнатылды. Қазіргі таңда салынып, қолданысқа беріліп жатқан ғимараттардың барлығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз кіріп-шығуына пандустар салынған. Қалада әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына пандустар құру, қайта құру жұмыстары атқарылуда.
 
 
Қала бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасмалдау үшін 2 «Инватакси» қызметі жұмыс жасайды, 6 арнайы автокөлік мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасмалдайды. «Инватакси» диспечерлік қызметі күніне 65-70 адам, айына 1400 адамға дейін қабылдайды.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес мүгедектерге арналған оңалту бағдарламасын іске асыру мақсатында гигиеналық құралдармен 188 адам, санаторлық-курорттық жолдамамен 45 адам қамтамасыз етілді. Жүріп тұруы қиын 1 топтағы 494 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі, 108 мүгедекке ымдау маманының қызметі ұсынылды.
1995 жылдың 28 сәуіріндегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне үнемі әлеуметтік көмектер көрсетіліп тұрады.
Қалалық мәслихат шешімімен бекітілген «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» негізінде 24 Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне 3,9 млн. теңге бөлініп ай сайын 7215 теңге жеңілдіктер төленеді.
Қала бойынша 325 ауған соғысының ардагерлеріне, 15 ақпан – Ауғаныстаннан кеңес әскерін шығарған күніне біржолғы материалдық көмек 15,5 млн. теңге бөлініп, 50 мың теңгеден төленді.
Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қазіргі таңда 278 адам тіркеуге алынып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсетілетін адамдар ішінде 1 адам Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен ардагерлері, 103 адам тылда еңбек еткендер, 18 адам 1,2 топ мүгедегі, Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтыс болғандардың жесірлері 7 адам, 149 зейнеткерлер бар.
Үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде мүмкіндігі шектеулі 88 бала тіркеуде тұр, оларға 22 - әлеуметтік қызметкерлер үйде арнаулы әлеуметтік қызметтердің мынандай 8 түрлерін көрсетеді: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек.
Әр ай сайын әлеуметтік қызметкерлер өздерінде немесе қызмет көрсетіп жүрген мүгедек балаланың ата – анасында туындаған психологиялық сұрақтары бойынша «SKYPE» программасы арқылы психологиялық консультация алады, және де Талдықрған газетіне өздерінің атқарып жүрген жұмыстары бойынша кішігірім мақала жазады.
Наурыз айында «Еркін» мешіті «Арафат» кафесінде 10 балаға, «Мирас» мейрамханасы 15 балаға, «Самұрық» кафесі 25 балаға «Наурыз» мейрамына арналған дастархан жайып, наурыз көже берілді
«Рабия» сауда орталығы 18 балаға балкүлше (торт) берді. «Куликово» балмұздақ зауытының басшысы Салтыбаев Данияр Маратұлы 80 балаға балмұздақ таратты.
Наурыз мейрамына ЖШС «JLC сүт» сүт өнімдерін балаларға таратты.
2018 жылдың 1мамыр айына дейін осы аталған бөлімшеге 5 бала тіркеуге алынды. «Бәйтерек» күндіз болу орталығына 7 баланың құжаттары рәсімделіп, жіберілді.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.