Сәрсенбі, 18 Шілде 2018
Қалалық және ауылдық көше-жол желісін жалпы ұзындығы 427,9 км., оның ішінде 77% қала көшелері және 23% ауылдық елді мекен.

Жаңалықтар

«Лицей сұлтаны - 2018»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.05.2018
Оқылды: 96 Печать страницы
«Лицей сұлтаны - 2018»
Талдықорған қаласындағы «БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ» лицей – интернаты
«Лицей сұлтаны - 2018»
«Мақсаты: Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін, халқымыздың рухани байлығын игеруге тәрбиелеу, өнерге баулу. Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттықты ояту, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
Байқау түрлері:
1. «Таныстырсам өзімді» таныстыру
2. «Жігітке жеті өнер де аз» - өз өнерін көрсету
3. «Күш атасын танымас» - қол күрес, жерден тартылу
4. «Шебердің қолы ортақ»- ептіліктерін көрсету.
Халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
Сол өнердің жолын қуған «Лицей сұлтаны» сайысына қатысып, жүлделі орын алған жігіттер: »Бас жүлде» 10-шы сынып оқушысы Арзенов Қажымұқан, І-ші орын Қанатбеков Шыңғыс, ІІ-ші орын Хасенов Ербол, ІІІ-ші орын Асланұлы Арслан. Бойларыңда оты бар , жүректеріңде шоқтары бар лицей сұлтандары әрқашанда осы шоқты өшірмей, жалындатып шарықтаңдар деген тілекпен, лицей директоры Эльбрус Камалұлы құттықтау сөзін арнады. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан әлі де көріне береді деп сенеміз.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.