Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы шағын және орта бизнестің даму барысымен танысты.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.05.2018
Оқылды: 34 Печать страницы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы шағын және орта бизнестің даму барысымен танысты. Елбасы алдымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңсесіне барды. Ғимараттың ресми атауы – Аtameken Business Cіtу. Мұнда білікті мамандар кәсіпкерлерге тегін кеңес береді. Заңдық және бухгалтерлік қызмет көрсетіп, құжаттарды реттеуге көмектеседі. Бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді. Орталықта жергілікті кәсіпорындардың өнімдері де қойылған.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов бизнесті дамытуға арналған жоспарымен бөлісті. Қазір өңірде 100 мыңнан аса шағын және орта кәсіп субъектісі бар. Бизнестегі әкімшілік кедергілер азайды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен өтініштердің пайызы бизнестің пайдасына шешілген. Президент іскер топ өкілдерімен тілдесіп, олардың пікірін тыңдады. Күні кеше жұмыс сапарымен Алакөлге барған Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті кәсіпкерлерді туризм саласын дамытуға шақырды.
Бақытжан Әбдірасылов, кәсіпкер: – 2016 жылы Сіздің Иранға жасаған ісcапарыңызда делегация құрамында болдым. Ирандық кәсіпкерлермен ет экспорты жөнінде келісімшартқа қол жетізген едік. Қазір сол келісімшартты орындауға кірісіп жатырмыз.
Ауылшаруашылығына 2 млрд инвестиция салдым. Біз кластер құрдық. Үш мың басқа мал бордақылау алаңын аштық. Мал сою кешенін аштық. Дүкендер желісімен тұтынушыға етті жеткізіп отырмыз. Сол салған ақшамыздың бір бөлігін мемлекет өзімізге субсидия ретінде қайтарып берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорғандағы Салтанат сарайын аралады. 2 қабатты су жаңа ғимарат жергілікті бюджет есебінен салынған. Атының өзі айтып тұрғандай бұл жерде салтанатты жиындар өткізіледі. Мұнда неке қиятын арнайы зал мен конференция өткізетін орындар бар. Сондай-ақ Президентке құрылысы қызу жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандар мен театрдың жобасы таныстырылды. Дені мемлекеттік-әріптестік аясында салынбақ. Жеңіл атлетикалық спорт кешені, 570 адамға шақталған бассейн, мектеп пен драма театрды салуға жеке инвесторлардың қаржысы тартылады.
Алматы қаласы мен Алматы облысына барған Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарын қорытындылады. Елбасы әсіресе «Бес әлеуметтік бастамаға» ерекше ден қоюды тапсырды. Президенттің пікірінше, Алматы өңірі экономикалық өсім жөнінен көш бастап тұр. Соңғы 3 жылда аймақта 3 млн шаршы метр баспана қолданысқа берілген. Аграрлық секторда өсім байқалады. Газдандыру ісі қарқынды түрде кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Жалпы алғанда, өңірдің өну, өркендеуіне оң бағасын беруге болады. Менің тексеретінім – әр уақытта жарияланған бағдарламалардың орындалуы. Оның ішінде индустриялық бағдарлама бар. Оның ішінде инфраструктуралық бағдарлама бар. Оның ішінде әлеуметтік бағдарлама бар. Бес менің тапсырмам. Алматы облысына келсек, бұл еліміздің бір ерекше өңірі болып саналады. Ерекше болып саналатын себебі – бір жағынан тікелей Қытай Республикасымен шекаралас. Бұл – мәселе. Сондықтан да мен Талдықорғанды облыс орталығы деп қайта жарияладым. Бұл жерде шекара болғаннан кейін халық көп болуы керек. Халық сауатты болуы керек. Шекараны сақтау керек екенін, елдің мына жағындағы шебінде тұрғанын білуі керек. Сондықтан екі ауданды қайта құрып, оның ішінде де халық көбейсін деп жасалған дүние. Ол аудандар да қуанып жатқанын білемін. Құттықтаймын. Көшкен ел қайтып келсін деп, өндірісін, жұмысын беретін жағдай жасау керек.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.