Бейсенбі, 15 Қараша 2018
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

Жаңалықтар

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 05.07.2018
Оқылды: 112 Печать страницы

2018 жылдың 1 шілдесіне атқарған

жұмыстары туралы ақпарат
 
Қала халқының саны 171,6 мың адамды құрады.
«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне 2018 жылдың 1 шілдесіне 3218 жұмыссыз азаматтар хабарласты. Осы хабарласқан азаматтардың ішінен 2013 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жұмысқа орналастырылғандар деңгейі 62,6 %, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,9 пайызды құрады.
Экономикалық белсенді тобының ішіндегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайыз.
2018 жылға 3092 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, бүгінгі күнге 2348 жаңа жұмыс орны ашылды, құрылыс- 2102, сауда-14, білім-20, басқа түрлері - 212 (жоспардың орындалуы 76,0 пайыз).
2018 жылға қоғамдық жұмысқа 1300 адамды жолдамамен жіберу жоспарланған, бүгінгі күнге 670 жұмыссыз азаматтар жолдамамен жіберілді, оның ішінде ҚБ «Ерлік»-12 адам, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-12 адам, «Байтерек» ҚБ - 10 адам, «Корпоративтік фонд Қазақ соқырлар қоғамында» -
12 адам.
2018 жылдың 27 маусымына 131 мүмкіндігі шектеулі азаматтар хабарласып, оның ішінде 84 адам қоғамдық жұмыстарға, 2 адам жастар тәжірибесіне, 13 адам кәсіби оқуға жолдама алды, әлеуметтік жұмыс орындарына -2, адам, 30 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жыл басынан жұмыссыз азаматтарға, аз қамтамасыз етілген отбасына, жастарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 4 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді (21.02.2018 ж., 13.03.2018 ж., 22.05.2018 ж., 15.06.2018 ж).
2018 жылдың 21 ақпанында «Жастарға қызмет көрсету орталығында» өңіраралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілерінен 1162 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жәрмеңкенің жұмысына 370 жұмыссыз азаматтар және басқа облыстарға көшуге ниет білдіруші азаматтар қатысып, 173 адам толық мәліметтер алды.
2018 жылдың 13 наурызында қалалық Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімінің мәжіліс залында, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облысының жұмыспен қамту орталығы мамандары мен жұмыс берушілерінің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
2018 жылы 15 наурызында жұмыспен қамту орталығының мамандары Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың арасында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңес берілді.
2018 жылдың 22 мамырында «Алматы облысы Талдықорған қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жастарға қызмет көрсету орталығымен бірлесе аз қамтылған отбасыларына бос жұмыс орындары жәрменкесі өткізілді.
Жәрменкеге Талдықорған қаласының 2 жоғары оқу орындары, 5 мемлекеттік емес ұйымдар, 17 жұмыс беруші кәсіпорындар «Алматинские краски» ЖШС, «Шымыр тас» ЖШС, «Құдайбергенов» ЖК және т.б. кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Жәрменкеге 257 адам қатысты, жұмысқа орналасу сұрақтарымен 239 адам кеңес алды,
Жастар тәжірибесіне жоғары, орта оқу орындарын бітірген 23 түлектерге, әлеуметтік жұмыс орындарына 3 адамға, қайта даярлау курстарына 32 адамға, тұрақты жұмысқа орналасуға 31 адамға жолдамалар берілді, оның ішінде 3 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар.
2018 жылдың 15 маусымында Ә. Жолдасбеков атындағы заң және экономика институтында жоғары және орта оқу орындарын бітірген жас түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрменкесі ұйымдастырылды, жәрменкеге 129 жас түлектер қатысты.
2018 жылдың 23 мамырында қасиетті Рамазан айына Алматы облыстық прокуратурасы аз қамтылған, жалғыз басты 9 отбасына қайырымдылық көмек қөрсетті ( азық- түлік, киімдер, аяқ-киім, тоңазытқыш және т.б), Алматы облыстық соты 8 мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көмек қөрсетті (азық- түлік, киімдер, ойыншықтар және т.б.).
Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдау ретінде мемлекет тарапынан жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып отыр. 2018 жылдың 1 шілдесіне 1491 отбасыларға, 6372 отбасы мүшелеріне, мемлекеттік әлеуметтік көмек 177,7 млн. теңге төленді. 1 адамға орташа төлемі 4672 теңгені құрады.
2018 жылдың 1 шілдесіне тұрғын үй көмегімен 651 отбасы, оның ішінде 1085 отбасы мүшелерімен 19,2 млн. теңге сомасында қамтамасыз етілді.
89 түберкулез індетімен ауратын азаматтарға 3,9 млн. теңге тағайындалып төленді.
Талдықорған қаласындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асыруда, әлеуметтік инфрақұрылыммекемелерде мүгедектерге арналған пандустар орнатылды. Қазіргі таңда салынып, қолданысқа беріліп жатқан ғимараттардың барлығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз кіріп-шығуына пандустар салынған. Қалада әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына пандустар құру, қайта құру жұмыстары атқарылуда.
Қала бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасмалдау үшін 2 «Инватакси» қызметі жұмыс жасайды, 10 арнайы автокөлік мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасмалдайды. «Инватакси» диспечерлік қызметі күніне 65-70 адам, айына 1400 адамға дейін қабылдайды.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес мүгедектерге арналған оңалту бағдарламасын іске асыру мақсатында гигиеналық құралдармен 557 адам, санаторлық-курорттық жолдамамен 197 адам, кресло-арбамен 154 адам, сурдо-құралдармен 47 адам, тифло-құралдармен 5 адам қамтамасыз етілді. Жүріп тұруы қиын 1 топтағы 494 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі, 108 мүгедекке ымдау маманының қызметі ұсынылды.
1995 жылдың 28 сәуіріндегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне үнемі әлеуметтік көмектер көрсетіліп тұрады.
Қалалық мәслихат шешімімен бекітілген «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» негізінде 26 Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне 3,9 млн. теңге бөлініп ай сайын 7215 теңге жеңілдіктер төленеді.
Ұлы Отан соғысының 73-ші жылдық Жеңісін мерекелеу қарсаңында 24 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек 150,0 мың теңгеден материалдық көмек көрсетілді.
Қалалық әкімшілік және қаладағы мекемелер ардагерлерді үйден құттықтады. 24 ардагерге азық-түлік салынған пакеттер тапсырылды.
Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні облыс әкімі Ұлы Жеңістің 73 - жылдығына арналған қабылдауына Талдықорған қаласынан 56 Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл ардагерлерін қабылдап, «Заңғар» мейрамханасында мерекелік дастархан жайды.
Қала әкімі 120 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне «Заңғар» мейрамханасына мерекелік дастархан ұйымдастырып, концерттік бағдарламалар өткізді. Ардагерлерге азық-түлік салынған пакеттер тапсырылды.
9 мамырда мәңгілік сөнбес отқа гүл шоғы қойылды және ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әскери тамақ берілді.
Қала бойынша 325 ауған соғысының ардагерлеріне, 15 ақпан – Ауғаныстаннан кеңес әскерін шығарған күніне біржолғы материалдық көмек 15,5 млн. теңге бөлініп, 50 мың теңгеден төленді.
Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қазіргі таңда 264 адам тіркеуге алынып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсетілетін адамдар ішінде 1адам Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен ардагерлері, 96адам тылда еңбек еткендер, 18 адам 1,2 топ мүгедегі, Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтыс болғандардың жесірлері 6адам, 143 зейнеткерлер бар.
Үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде мүмкіндігі шектеулі 90 бала тіркеуде тұр, арнаулы әлеуметтік қызметтердің мынандай 8 түрлерін көрсетеді: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек.
Әр ай сайын әлеуметтік қызметкерлер өздерінде немесе қызмет көрсетіп жүрген мүгедек балаланың ата – анасында туындаған психологиялық сұрақтары бойынша «SKYPE» программасы арқылы психологиялық консультация алады.
Наурыз айында «Еркін» мешіті «Арафат» кафесінде 10 балаға, «Мирас» мейрамханасы 15 балаға, «Самұрық» кафесі 25 балаға «Наурыз» мейрамына арналған дастархан жайып, наурыз көже берілді.
Наурыз мейрамына ЖШС «JLC сүт» сүт өнімдерін балаларға таратты.
«Рабия» сауда орталығы 18 балаға балкүлше (торт) берді. «Куликово» балмұздақ зауытының басшысы Салтыбаев Данияр Маратұлы 80 балаға балмұздақ таратты.
Балаларды қорғау күніне арнап «Тандор» шайханасы 10 балаға дастархан жайып шақырды. «Ислам» мешіті «Айт» мерекесіне арнап 30 баланы, «Нұр» мешіті 13 баланы азық-түлікпен, жеке кәсіпкер «Ляззат-2016» 15 баланы сүт тағамдарымен қамтамасыз етті. ЖШС «JLC сүт» сүт өнімдерін балаларға таратты.
2018 жылдың 27 маусымына дейін осы аталған бөлімшеге 8 бала тіркеуге алынды. «Бәйтерек» күндіз болу орталығына 10 баланың құжаттары рәсімделіп, жіберілді.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.