Бейсенбі, 15 Қараша 2018
Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы, "Талдықорған" индустриялық аймағының бос алаңдары, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен ұштастырылған қолайлы су және экологиялық жағдайлары бар.

Жаңалықтар

Астана күні мерекесі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.07.2018
Оқылды: 146 Печать страницы
Астана күні мерекесі
Бүгін Астана күні мерекесінде талдықорғандық отбасылар жаңа пәтерге ие болып, бірқатар азаматтар мерейтойлық медаль алды. Пәтерге ие болғандар қатарында көп балалы отбасылар, I, ІІ топтағы мүгедектер, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген азаматтар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Бұл күні жалпы саны 180 отбасы осындай қуанышқа кенелді. Осы игілікті істі Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында Астана қаласының 20 жылдық мерейлі мерекесіне арналған салтанатты шарада облыс әкімі А. Баталов атқарды.
Облыс әкімі алдымен саябақтағы Астана тақырыбына арналған қалалық білім мекемелерінің көрмелерін, балалардың спорттық және викториналық жарыстарын тамашалады. Мұнан соң парк сахнасында жетісулық қауымды Астана күні мерекесімен құттықтап, бас шаһардың тәуелсіз ел өміріндегі айрықша рөліне тоқталып өтті.
- Астана – Елбасының төл перзенті, Қазақстанның жаңа дәуірінің батыл бастамасы! Тәуелсіздіктің кешегі қиын жылдарында, Президент қабылдаған тарихи шешім елімізді дамудың даңғыл жолына шығарды. Есілдің бойына ел қондырған бүгінгі Астана – тәуелсіздіктің төл тарихы, ұлттың ұйытқысы, құт қонған мерейлі мекен! Қаланың сәулеттік философиясын Елбасының өзі қалыптастырып, бас жоспарын өзі сызды. Сөз жоқ, бүгінгі Астана – Тәуелсіз Қазақстанның өз қолымен орнатқан ең бірінші Елордасы, татулықтың тұрағы, бейбітшіліктің бесігі, жасампаздықтың жарқын үлгісі! Ұлтымыздың ұлы армандарының ақиқатқа айналған тарихи шежіресі, - деп атап өтті А. Баталов.
Өз сөзінде Алматы облысы Астананың 20 жылдығына орай Елорда төрінде «Жетісу» саябағын жаңғыртып, тарту жасағынына тоқталған өңір басшысы А. Баталов бүгінгі күні Талдықорған қаласында да бірқатар игі шаралар атқарылғанын тілге тиек етті. Соның бірегейі – бас қаламыздың құрметіне облыс орталығы Талдықорған қаласында «Астана» атты жаңа даңғыл ашылғанын, көрнекті тарихшы-шежіреші Қадырғали Жалайыридың, Еңбек Ерлері Бәйкен Әшімов пен Зылиха Тамшыбаеваның атына даңғыл мен көшелер берілгенін айтты.
- Бүгін Астана күні жаппай тойлануда. Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған шаралар барлық аудан, қалаларда өтіп жатыр. Ұлы даланың төсінде – Сарыарқаның төрінде қысқа мерзімде бой көтеріп, ажарланған, саяси салмағы артып, әлем мойындаған ажарлы Астанамыз гүлденіп, көркейе берсін! Жұртымыз аман, еліміз абыройлы, бірлігіміз бекем, мерекеміз құтты болсын, ағайын! Мәңгілік елдің алтын қазығы Астанамыз жасай берсін! – деді А. Баталов өз құттықтауында.
Мұнан соң облыс басшысы бірқатар азаматтарға «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалін тапсырды. Мұндай марапатқа жалпы 196 жетісулық ие болды. Облыс орталығындағы жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі де шараның қуанышын еселеді. Мереке айшықты концерттік бағдарламамен



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.