Сенбі, 15 Желтоқсан 2018
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Жаңалықтар

2018 жылдың I жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылау бойынша мәжілісі өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 27.07.2018
Оқылды: 125 Печать страницы
2018 жылдың I жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылау бойынша мәжілісі өтті
Талдықорған қаласы әкімдігінде 2018 жылдың I жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылау бойынша мәжілісі өтті.
Мәжіліске Талдықорған қаласының әкімі, қалалық мәслихаттың хатшысы, қала әкімі аппараты бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, қалалық бөлімдер, кәсіпорындар, мекемелер, «Нұр Отан» партиясы филиалының, қалалық қоғамдық кеңестің, ардагерлер ұйымының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырысты төрағалық еткен қала әкімі Дастан Шалтабаев ашып, жүргізді. Алғашқы баяндаманы Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Талғат Қыдыралиев жасап, шаһардың 2018 жылғы I жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және III тоқсанына міндеттері туралы айтты.
Баяндамада Өнеркәсіп, Ауыл шаруашылық Шағын және орта бизнес, Инвестиция және құрылыс, Коммуналды сала, Газдандыру, Инвестиция және құрылыс, Жолдар және жолаушы тасымалдау, Білім беру, Жұмыспен қамту салалары бойынша сараптама жасап, есеп беріп, көрсетілген кемшіліктерді жою және қарастырылған нысаналы индикаторлар мен болжамдық көрсеткіштердің сапалы және уақытылы орындалуы бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.
«Бюджетке түсімдер болжамы 116,4%-ға, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 130,8%-ға орындалды.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттің 4-ші деңгейі, яғни салықтың 5 түрін қамтитын ауылдық округтердің бюджеті енгізілді. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,9%-ға орындалды. Мұның бәрі қала аппаратының дұрыс бағытта жұмыс атқарып жатқанының көрінісі,» - деп атап өтті Талғат Сайлаубекұлы.
Сонымен қатар, жарыссөзге шыққан бөлім басшылары өздері жүргізіп отырған сала бойынша есеп беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Отырыста екінші сұрақ 2018 жылы қала әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің халықпен есептік кездесулері барысында айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы қаралып, тиісті қаулы жобасы қабылданды.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.