Жаңалықтар
Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев қаланың бірнеше өндіріс кәсіпорнын аралап, көрді.
Санат: Жаңалықтар | |
Уақыты: 01.08.2018 | |
Оқылды: 201 | Печать страницы |

Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев қаланың бірнеше өндіріс кәсіпорнын аралап, көрді.
Алғашқы өндіріс алаңы «JLC Сүт» ЖШС болды. Онда ол аталған кәсіпорынның жұмысымен танысып, аралады.
Зауытты аралау барысында атқарушы директор Ольга Богданова зауыттың жұмыс барысымен таныстырып, әр бөлімдер мен цехтарды аралатып көрсетті.
«JLC Сүт» ЖШС италиялық жабдықтармен жабдықталған. Бүгінгі күні сүт зауыты 50-ден астам өнім шығаруға лайықталған. 460 адам жұмыс істеп жатқан бұл зауыт тәулігіне 60 тонна өнім өндіреді.
«JLC Сүт» ЖШС италиялық жабдықтармен жабдықталған. Бүгінгі күні сүт зауыты 50-ден астам өнім шығаруға лайықталған. 460 адам жұмыс істеп жатқан бұл зауыт тәулігіне 60 тонна өнім өндіреді.
"Жалпы алғанда қаламыздың өндіріс орындары осылай қарқынды жұмыс істесе, шаһардың көркейгені деп есептеуге болады деп есептеймін. Бірнеше жылдың ішінде осындай үлкен кәсіпорынға айнала алғандарыңыз қуантады", - деді қала әкімі Дастан Тұрарбекұлы.
Өз кезегінде Ольга Богданова газ тарту мәселесінің дұрыс жолға қойылуын айтып, өтінішін білдірді. "Егер біздің зауытқа газ қоссақ жылына миллиондаған қаржыға газ қолданатын едік. Өйткені біздің зауыт біз қысы-жазы және күні-түні бір тоқтамайды. Сондықтан газ қосу Сіздерге де, біздің кәсіпорынға да пайдалы болар еді", - дегені қала басшысымен жақсы қабылданып, аталған мәселе көтерілетінін айтты.
Сонымен қатар, Дастан Тұрарбекұлы тек Қазақстанды ғана емес, Азия, Африка, Қытай, Еуропаның бірнеше елдеріне өнімдерін экспорттап жатқан "Қайнар АКБ" ЖШС-ның зауытын аралап, жұмысымен танысты. Аталған зауыт 2017 жылы 2,1 миллион өнім шығарып, өз рекордтарын жаңартқан болатын.
Ал Талдықорған май экстракционды зауытына барған қала басшысы қарқынды жүріп жатқан жһөндеу жұмыстарын көріп қайтты. Шаһар басшысы зауыт иесі Александр Баллах мырзаға жөндеу жұмыстары аяқталғанда тағы бір келіп, аралап қайтатындарын айтты.