Бейсенбі, 15 Қараша 2018
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

Жаңалықтар

«Электронды үкімет» порталы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 29.10.2018
Оқылды: 82 Печать страницы
«Электронды үкімет» порталы

«Электронды үкімет» порталы  тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әртүрлі электрондық қызметтерін ұсына алады. Бұл ретте электрондық цифрлы қолтаңба арқылы «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz порталы бойынша қазақстандық азамат қажетті мемлекеттік қызметін тегін, әрі шапшаң ала алады.

         Заман талабына сай көптеген құжаттарды рәсімдеуге үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ тапсырыстар беруге болады.

         Мәселен, біздің мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы ашылып (күту залы және тұтынушыларға арналған үстел және орындық бар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ғимаратта пандус орнатылған) қызмет түрлері көрсетіле бастады.

         Кез келген азамат өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында электронды- цифрлық  қолтаңбамен «Электрондық үкімет» порталының барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.

         Қызметтің бұл түрі тұтынушылар үшін өте қолайлы және барынша тиімді.

         Бұл мемлекеттік қызметтерге деген қолжетімділік артып, оны тиімді пайдалану – қоғамның бәсекеге деген қабілеттілігімен «Электрондық үкіметке» деген сұраныстың алдағы уақытта да арта түсуіне беріліп отырған кепілдік.

         Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының басты мақсаты - қызмет алушыларға барынша жағдай жасау, қызмет беруші мен қызмет алушы арасындағы бетпе-бет қарым-катынасты болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, халық арасында egov.kz электронды үкімет порталын танымал ету.

         Анықтамалар мен құжаттар үшін енді кезек күтіп, уақытты босқа өткізудің еш қажеті жоқ.

         Бұл саланың халыққа тиімділігі әрбір азамат өзіне қажетті құжаттарды жылдам, әрі аз уақыт ішінде алуына мүмкіндік бар. Сонымен қатар, электрондық қызмет түрлерін пайдалану арқылы анықтамалар алып, төлемдер жасай алады.

         Егер Сіздің үйіңізде дербес компьютеріңіз  болмаса, ЭЦК-ңыз (Электронды-цифрлық қолтаңба) болған жағдайда өзіне-өзі қызмет көрсету «Электрондық қызмет көрсету» бұрыштары арқылы электронды қызметіңізді алуыңызға болады. Қызмет алу үшін өте қолайлы.

         Қызмет алушыларға электронды қызмет алу үшін көмек көрсету мақсатында жауапты маманнан кеңес алуға болады.

         Мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшіру, ең алдымен қызметтің көрсету уақытын қысқартуға, азаматтардан талап етілетін құжаттар тізімін оңтайландыруға және ең бастысы жемқорлық факторларын болдырмау мақсатында халықтың мемлекеттік қызметкермен қарым-қатынасқа түспеуіне мүмкіндік береді.

 

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.