Сәрсенбі, 12 Желтоқсан 2018
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Жаңалықтар

.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 04.12.2018
Оқылды: 31 Печать страницы
.
Талдықорғанда ардагерлер арасындағы «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі қорытындыланды. Жеңімпаз — Польша командасы. Екінші орынды Ресейдің Мәскеу командасы иеленсе, үшінші орынға тағы да Ресей Федерациясына қарасты Татарстан ардагерлері табан тіреді.
«Үш күн бойына жалғасқан турнир шын мәнінде волейбол мерекесі болды. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз ардагерлер арасында әлем чемпионы болсақ та, жеңіске оңай жетпедік. Командалар мықты екен. Іріктеу кезінде Мәскеуге ұтылып қалып едік, финалда жеңдік. Шараны ұйымдастырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін», - дейді Польша командасының капитаны Дариуш Паркидне.
Халықаралық турнирге 10 команда қатысты. Марапаттау рәсімінде ешкім жүлдесіз қалмады. Әр командаға арнайы кубоктар, кәдесыйлар және 100 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді. Үздік ойыншылар да марапатталды. Соның ішінде, аталымдар бойынша үздік деп танылғандар:
Ең үздік блок қоюшы — Шостек Дариуш (Польша),
Ең үздік либеро — Масимов Рустам (Жетісу),
Ең үздік пайдалы ойыншы — Плотнир Андрей (Татарстан),
Ең үздік шабуылшы — Ткаченко Андрей (Ресей),
Ең үздік байланыстырушы — Чеснаков Анатолий (Орынбор),
Көрермендер көзайымы — Каминов Чингиз (Тыва Республикасы),
Ең үздік қорғаушы — Монхбат Монхоргил (Моңғолия).
Үшінші орын алған қазандықтар қанжығасына 500 мың теңге байласа, екінші орынға тоқтаған мәскеуліктер 700 мың теңге, ал турнир чемпионы - поляктар 1 миллион теңгені олжалады. Ал «Жетісу» командасы турнирді төртінші орынмен аяқтады.
- Барша командаға турнирге қатысқаны үшін алғыс білдіремін. Менің ойымша, өте тартысты ойын болды. Шын мықтылар суырылып алға шықты. Жеңістеріңіз құтты болсын! Барлық команданы алдағы жылдары өтетін «Жетісу кубогы» турниріне тағы шақырамын. Тыңғылықты дайындықпен келсеңіздер, келесі жылы жеңіс тұғырынан өзге де командалар шығады деп есептеймін. Сондықтан, баршаңызды волейбол ойнауға, оны дамытуға үлес қосуға шақырамын, - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.