Дүйсенбі, 23 Сәуір 2018
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Жаңалықтар

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 03.04.2018
Оқылды: 58 Печать страницы
Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
Талдықорған қалалық әкімдігі мен Алматы қаласындағы «Транстелеком» филиалы - «Алматытранстелеком» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев пен Алматы қаласындағы «Транстелеком» АҚ атқарушы директоры Шыңғысхан Нысанбаев арасында құжатқа қол қою рәсімі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясында өтті.
Меморандумның басты мақсаты - аталған мекеме және қалалық әкімдік арасында өзара іс-қимыл жоспарын құру және IТ-жобаларын жүзеге асыруда сапалы, тиімділік пен ашықтық негізінде бірлескен және келісілген іс-шараларды іске асыру.
Жобаға Сингапур, Қытай, Украина, Оңтүстік Корея, Чехия және басқа елдерден келген IT-компаниялары қатысты.
Меморандумға қол қою Талдықорған әкімдігі мен «Транстелеком» АҚ жергілікті атқарушы орган арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болып табылады, бұл еліміз дің инновациялық құрамдас бөлігі болып табылады. Өз кезегінде Қазақстанның техникалық жаңғыртуына және жалпы жаңғыртылуына жәрдемдесуі тиіс», - деді Шыңғысхан Нысанбаев.
«Сіздермен келіссөздер барысында келіскен жобалар өз күшінде қалып қоймай, бүгінгі қол қойылған меморандум аясында жүзеге асатын болады. Екіжақты келісім Талдықорған үшін жақсы серпін беретініне сенімім зор», - деді қала әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.