Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

Жаңалықтар

Тағайындау

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 10.01.2019
Оқылды: 108 Печать страницы
Тағайындау

Бүгін Талдықорған қаласы әкімінің аппарат басшысы болып Батхолдинова Анар Қозыбайқызы тағайындалды. Жаңа басшыны активке қала әкімі Дастан Шалтабаев таныстырды.
«Анар Қозыбайқызы тиісті байқаудан сүрінбей өтті. Осыған дейін де өзін жан-жақты маман ретінде көрсете білді. Алдағы қызметіңізге сәттілік тілеймін» деді тиісті өкімге қол қойған қала басшысы.

Анар Батхолдинова 1976 жылы туған. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Осы жылы еңбек жолын Талдықорған қалалық сотында сот отырысының хатшысы болып бастады. Әр жылдары Талдықорған қалалық көлік прокурорының стажер-көмекшісі, қалалық АХАЖ бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы, кейіннен басшысы, Алматы облыстық Әділет департаментінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бастап Талдықорған қаласы әкімі аппаратында бас маман, заңгер-кеңесші; 2012 жылдан бүгінге дейін заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.