Бейсенбі, 25 Сәуір 2019
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Жаңалықтар

Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев Талдықорған қаласының тұрғындары алдында есеп берді.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.02.2019
Оқылды: 121 Печать страницы
Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев Талдықорған қаласының тұрғындары алдында есеп берді.

Есепке Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, облыстық басқарма басшылары, қалалық бөлім басшылары, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, Талдықорған қаласының басшысы алдымен өткен жыл қала үшін жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болғанын жеткізді. Дастан Тұрарбекұлы 2018 жылы барлық салаларға тоқталып, істелген жұмыстарды санамалап берді.
Бикен Римова атындағы облыстық драма театрдың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Шоқтығы биік шығармашылық ұжым араға жарты ғасыр салып, жаңа шаңыраққа, заманауи шаңыраққа қоныстанды.
Талдықорған тарихында былтыр алғаш рет бір күнде екі жаңа мектеп қолданысқа берілді. Екеуі де 1200 орындық. Бірі - қаланың оңтүстік батыс, тағы бірі солтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Сапалы білім, саналы тәрбие беруге керектің бәрі бар. №28 білім шаңырағы ІТ мектеп-лицейі деп аталды. Ал Әлімжанов көшесінің бойындағы №27 орта мектептің ашылуы Мерекелік және Қызыл тас саяжайларында тұратын тұрғындарды қуантты. Сонымен қатар 500 орындық 5 жекеменшік балабақша ашылды. Нәтижесінде, қалада бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 98,2 пайызға жетті.

Өткен жылы қала аркасы реконструкциядан өтіп, Астананың туған күнінде ашылу салтанаты өтті. Осы күні бірнеше көше мен даңғылға жаңа атау берілді. 6,7-ші ықшам аудандардағы қос көшеге Еңбек ері Зылиха Тамшыбаева мен мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің есімдері берілсе, шахарға кірер бас даңғыл - ұлы тарихшы, Қадырғали Жалайыри есімімен аталды. «Астана» атты тағы бір даңғыл пайда болды.

Былтыр қала экономикасына 60 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылды. «Талдықорған» индустриалды аймағында 5 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Биыл барлығы төрт жаңа өндірісті іске қосу және жұмыс істеп тұрған екі өндірісті кеңейту жоспарланып отыр. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Газдандыру саласында да табысты істер көп. 46 мың абонентті қамтитын 738 шақырым ауданішілік желілер салынды. Биыл табиғи газбен қамту құрылысының үшінші және төртінші кезеңі аяқталады. Ал осы газ құбыры төселген көшелерді жөндеу жұмыстары да тиянақты орындалды. Сонымен қатар, қала ішіндегі 23 көше күрделі жөнделді. Оның 7-уі негізгі көше, ал 16-сы екінші дәрежедегі көшелер.

Баспана салу да басты назарда. Былтыр 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қолданысқа берілген көпқабатты үйлерде 800 ден астам отбасы қоныс тойынтойлады. 17 аула ретке келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Әрбірінде балаларға арнап ойын және спорттық алаңдар салынды. Ал биыл 48 тұрғын үй ауласын жөндеу жоспарланып отыр.
Ауыз толтырып айтуға тұрарлық атқарылған тағы бір шаруа І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының сыртқы келбеті жаңартылды. Сәулеттік-реставрациялау жұмыстарының арқасында мәдени нысан өзгеше келбетке енді. Орталық алаңдағы 7 бірдей субұрқақ та қайта жаңартылып, ел игілігіне берілді. Түрлі жарық сәуле, әуезді әуен мен үйлескен биші субұрқақтар қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлайды.
Былтыр Тұңғыш Президент күнінде 300 орындық музыка мектебі ашылды. Өнер ордасына Ақын Сара Тастамбекқызының есімі берілді. Талантты, талапты балаларды үлкен өнер әлеміне қанаттандырар ұя. Ғимарат заманауи, әрі сапалы. Материалдық-техникалық базасы да іздегенге сұраған. Ал Тәуелсіздік тойы қарсаңында Талдықорғанда тұңғыш рет неонаталдық хирургия орталығы ашылды. 60 орындық. Ғимарат заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. 20-дан аса палата, балаларға арналған 3 арнайы бөлімі бар. Денсаулығы сыр берген сәбилердің өмірін сақтап қалып, тез сауығып кетуіне барлық жағдай қарастырылған.
Қала тұрғындарының қауіпсізідгі қашан да маңызды. Өткен жылы 3 бірдей тұрғын үймен жапсарлас, учаскелік полиция пункті салынды. Бірі Еңбек ауылында тағы екеуі Көктал шағын ауданы мен «Үйтас» саяжай қоғамында ашылды. Қылмыстың алдын-алу үшін шаһар аумағында орнатылған бейнебақылау камераларының саны 869 ға жетті.
Тағы бір ауқымды жоба Қабанбай батыр көшесін жаңғыртудан өткізу. Қаладағы ең үлкен көшелердің бірі адам танымастай өзгереді. Көше бастан аяқ кеңейтіліп, абаттандырылады. Орталық бөліктегі тұрғын үйлердің қаспеті жаңартылады.
Жаяу жүргіншілер жолы жасалып, кең жолақтыға ауыстырылады.
Қысқасы 2018 Талдықорған үшін жемісті, жеңісті жыл болды. Оған атқарылған жұмыстар айғақ. Ал NUR.KZ порталының ұйымдастыруымен өткен «Халық дауысы» жобасы бойынша облыс орталығы 6 номинация бойынша жеңімпаз атанды. Яғни, көпшілік Талдықорғанды инфрақұрылымы ең дамыған, мәдениетті, жайлы, әдемі, таза, жолдары ең жақсы қала деп бағалады. Алдағы жоспарларға қарағанда Талдықала бұл атауға 2019 жылы да лайық болатын сыңайы бар.
Дастан Тұрарбекұлының есебі тыңдалып болған соң тұрғындар өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойды. Тұрғындардың сауалдарының дені жол, су, жолаушы көліктерінің мәселесі болды. Мысалға Өтенай ауылдық округтеріне қарасты Ынтымақ және Жастар-2 массивтерінің жол салу мәселелері болды. Онда негізгі көшелерге қиыршық тас төселгенімен екінші тараптағы көшелер қамтылмаған. Бұл сұраққа қала әкімі биыл толығымен қиыршық тас салынып, жаяу жүргіншілерге барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

Қорытынды сөзге шыққан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қалада жүріп жатқан жұмыстар мен барлық жағдайлар бойынша хабардар екенін жеткізді. Қорытынды сөзінде облыс әкімі қала әкіміне халықтың игілігіне жұмыс істеуді баса айтты. «Мен Сіздердің бастамаларыңызды әрқашан қолдаймын. Егер жақсы жобалар ұсынсаңыздар облыс тарапынан қолдау болады», - деді.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.