Бейсенбі, 25 Сәуір 2019
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Жаңалықтар

Бүгін Талдықорғанда «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының кезектен тыс ХХVІІІ Конференциясы өтті.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.02.2019
Оқылды: 130 Печать страницы
Бүгін Талдықорғанда «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының кезектен тыс ХХVІІІ Конференциясы өтті.

Конференцияның күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы, ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы туралы, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайлауы қаралды.

Партия ұйымы конференциясының жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә.Бектұрғанов, Талдықорған қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Д.Шалтабаев, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев, қалалық партия филиалының төрағасының бірінші орынбасары А.Жазықбаев, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, Саяси Кеңес, Бюро мүшелері және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 100 делегат қатысты.

Талдықорған қалалық партия филиалы қатарында қаламыздың барлық саласында қызмет ететін 28 бастауыш партия ұйымында 11 мыңнан астам партия мүшесі есепте тұр.

2019 жылдың 28 қаңтар – 1 ақпан аралығында «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының бастауыш партия ұйымдарында бірыңғай күн тәртібімен өткен жиналыстар өз мәресіне жетті. Күн тәртібінде партияның 20 жылдығы мен 2030 жылға дейінгі арналған бағдарлама жобасын талқылап, өз ұсыныстарын білдірді. Және партия филиалы конференциясына делегаттарды сайлады.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.