Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Жаңалықтар

Құрметті талдықорғандықтар!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.03.2019
Оқылды: 53 Печать страницы
Құрметті талдықорғандықтар!

1 наурыз – бірлікті басты байлығы санаған «Нұр Отан» партиясының туған күні. Баршаңызды партияның туған күні және Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін еліміз қоғамның бар саласын терең әрі сапалы өзгерістерге жетелейтін маңызды тарихи кезеңде тұр.
Ендігі мақсат, Жолдауда атап өтілгендей, барлық күш-жігерімізді жұмсай отырып, «Қазақстан 2050» Стратегиясының басты талаптарын жүзеге асыру болып табылады. Мәңгілік Ел болу өз қолымызда. Отанымыз – біреу. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім Қазақстанның болашағын баянды етуге арналған.
Бұл – ХХІ ғасырда абзал мақсаттарға жетудің Стратегиясы.
Бізді бір ел және бір тағдыр біріктіреді. Біз – Елбасының «Мәңгілік ел» атты ұлт-тық идеясының төңірегінде біріккен біртұтас елміз.
«Нұр Отан» партиясы халық мүддесі және Қазақстан халқының бірлігін нығайту үшін жұмыс істейтінін дәлелдеді.
Біздің партиямыздың саяси Доктринасы Қазақстан қоғамының идеялары болып есептелетін – Адам, оның бостандығы, Заңның үстемдігі, Әділеттілік, Ынтымақтастық, отбасы және дәстүрді нығайту үшін бағытталған.
Біз жаңару реформаларын жүзеге асыруда көптеген жетістіктерге жеттік.

«Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» дейді дана халқымыз. Күнімізді шуақты, елімізді қуатты ету – баршамыздың ортақ парызымыз. Алдымызда биік белестер бар. Белестерді бағындыру – біздің өз қолымызда. Мызғымас бірлік пен тынымсыз еңбек, жасампаздық пен жаңашылдық, жауапкершілік – ең басты құралымыз. Осы жолда баршаңызға сәттілік, табыс тілейміз!

Талдықорған қаласының әкімі Дастан ШАЛТАБАЕВ.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.