Дүйсенбі, 22 Сәуір 2019
Талдықорған Жетісу аймағы Қаратал өзенінің бойында Жоңғар Алатауының батыс жағында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км, батыстан шығысқа – 17,5 км созылып жатыр, теңіз деңгейінен 650 м-ден астам биіктікте орналасқан.

Жаңалықтар

Кітап – тарих, шежіре

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 03.04.2019
Оқылды: 54 Печать страницы
Кітап – тарих, шежіре

В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Халықаралық балалар кітабы күніне» орай кітапханаға қарасты шағын аудандағы ойын алаңында «Кітап-алтын қазына» атты кітап жәрмеңкесін өткізді. Оқушыларға кітаптың маңызын түсіндіру, кітап арқылы білімнің берілетінін ұғындыру. Шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту. Оқулықты, кітапты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Балалар өздеріне қызықты кітапты тамашалаумен қатар, өздерінің оқыған кітаптары жайлы айтып берді. Кітапханашы Нұртайқызы Аида мен Мусагалиева Айгерім бүлдіршіндерге кітапхана туралы ақпарат бере отырып, кітаптың артықшылықтары туралы айтты.

2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – тарих, шежіре» атты кітап мерекесі балалар кітапханасының жоғарғы сынып бөлімінде №2 мектептің 5-6 сынып оқушыларымен өткізілді. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітап оқу арқылы ой-өрісін дамыту. Шарада кітапханашы Г.Майлянова оқушыларды кітап мерекесінің шығу тарихымен және балалар әдебиетінің негізін қалаған ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстырды. Сондай-ақ 5-сынып оқушылары «Кітап – менің досым» атты қойылым қойып, кітапқа байланысты викториналық сұрақтар мен қанатты сөздерден жарыс өткізілді. Кітапханашы Г.Майлянова «Кітап – халық қазынасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2 сәуірі күні «Кітаппен бірге жаңа әлемді ашамыз» деген тақырыпта экспресс әңгіме сағаты №22 мектептің 4-7 сынып оқушылары арасында өткізілді. Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға қызықтыру, кітапты ұқыпты ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру. Кітапханашы Құндақбаева Әсем балаларға біздің ата-бабамыз «Кітап –ғажап дос», «Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтпаған.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.