Дүйсенбі, 22 Сәуір 2019
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Жаңалықтар

Жол жөндеу жұмыстары басталды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.04.2019
Оқылды: 48 Печать страницы
Жол жөндеу жұмыстары басталды

Сәуір айы басталысымен Талдықорғанда жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Қала әкімдігінің 2019 жылғы жоспарына сәйкес, биыл шаһарда жалпы ұзындығы 120 шақырымнан асатын 119 көшеге күрделі, орташа және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстармен «Ақ Сұңқар Ай», «РСУ-1», «Трест Құрылыс» сынды бірнеше компания айналысады.
Қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныстың айтуынша, биыл Талдықорғанда жалпы 26 шақырымнан асатын 32 көшеге күрделі, ұзындығы 52 шақырымға жуық 42 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен бірге қала аумағындағы «Ынтымақ», «Жастар-2», «Пригородный» ауылдарын қамтыған 45 көшеге қиыршық тас төселмек. Атап айтқанда, кала көшелеріндегі күрделі жөндеу нысандарына негізінен Б.Сыртанов көшесінің бойындағы бір шақырымнан аса аумақ және Ш.Уалиханов, Ақбастау және Д.Рақышев көшелерінің аралығындағы 4.2 шақырым жер, сондай-ақ, Дарабоз Ана көшелері қамтылмақ. Сонымен қатар, Нахимов, Гагарин, Халтурина, Тухачевский, Попов және Өтенай, Еркін, Еңбек, Пригородный, Көктал, 3-ші бөлімше ауылдық елді мекендерінің 24 көшесі бар. Ал, орташа жөндеуге, қаланың ішіндегі барлық бүлінген жолдармен батыс және шығыс шағын аудандарындағы 40-тан астам көше кіреді. Бұдан сырт 43 шақырымға жуықтайтын жаңа жолға қиыршық тас төгіліп, 22 мың 400 шаршы метр аумақ ағымдық жөндеуден өтеді.

Қазір аталған құрылыс компанияның жұмысшылары көше жолдарының ой-шұңқырларын тегістеп, жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен.

Шаһардағы Біржан сал көшесінің жолына жөндеу жүргізіп жатқан «Гордорстрой» ЖШС- нің құрылысшылар басшысы Данияр Әубәкіров: «Біздің құрылысшылар қазір қаладағы Қабанбай батыр, Желтоқсан, Біржан сал, Ғ.Орманов, Ақбастау, Шахворостов сынды біраз көшелердің жолын жөндеуді қолға алды. Біржан сал көшесінің біраз бөлігі өткен жылы күзде жасалған. Енді міне қалған бөлігін жасауды қайта бастадық. Бар жұмыс жоспарға сай жүргізілуде. Белгіленген уақытта бітіріп беруге күш салып жатырмыз» — деді.
http://taldykorgan-online.kz

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.