Дүйсенбі, 22 Сәуір 2019
Талдықорған Жетісу аймағы Қаратал өзенінің бойында Жоңғар Алатауының батыс жағында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км, батыстан шығысқа – 17,5 км созылып жатыр, теңіз деңгейінен 650 м-ден астам биіктікте орналасқан.

Жаңалықтар

2019 жылдан бастап салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 10.04.2019
Оқылды: 48 Печать страницы
2019 жылдан бастап салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінде көрсетілген ережелер күшіне енді, бірақ қолданысқа енгізу мерзімі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленген.
Салық кодексінде тиісті арнаулы салық режимін қолдану шарттары шағын бизнес субъектілері үшін, атап айтқанда, патент, оңайлатылған декларация және тіркелген салық бойынша көзделген. Бұл шектеу олардың 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кірісінің еселенген ең төменгі жалақысынан орнатылып отыр.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 683, 687, 694-баптарына өзгерістер енгізілді:
Осылайша, Салық кодексінің 683-бабының 2) тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық кезеңіндегі кіріс арнаулы салық режимі үшін келесіден аспайды:
патент негізінде – 300 еселенген ең төменгі жалақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшеріне ауыстырылды, бұл 8,9 млн. теңгені (8 908 200 теңге) құрайды;
оңайлатылған декларация негізінде – 2 044 - еселенген ең төменгі жалақы мөлшері 24 038-еселік айлық есептік көрсеткішке ауыстырылды немесе 60,7 млн. теңгені (60 695 950 теңге) құрайды;
тіркелген шегерімді пайдаланатындар бойынша -12 260 еселенген ең төменгі жалақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшеріне ауыстырылды, бұл 364,1 млн. теңгені (364 064 600 теңге) құрайды.
 
Талдықорған қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
бас маманы А.Е.Шинтемирова

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.