Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

Жаңалықтар

Талдықорған қаласында «Бақытты балалық шақты қорғау» Акциясы өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.04.2018
Оқылды: 204 Печать страницы
Талдықорған қаласында «Бақытты балалық шақты қорғау» Акциясы өтті

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Н. Қасымов бекіткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Бақытты балалық шақты қорғау» Имидждік жобасын 24 тармағын іске асыру мақсатында, сонымен қатар «Жас Отан» меморандумына сәйкес ағымдағы жылғы 11 сәуірінде «Сити Плюс» сауда және ойын сауық кешенінің холлында Алматы облысының ТЖ Департаменті Талдықорған қаласының ТЖ Басқармасымен және «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесіп «Бақытты балалық шақты қорғау» Акциясы өтті, онда ата-аналар мен балаларға жұмбақтар айтылып, өртке қарсы тақырыпқа сұрақ жауап түрінде викторина жүргізілді, балалармен өрт қауіпсіздік ережелері талқыланды, «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының волонтерлері флешмоб билеп, Алматы облысының ТЖД және Талдықорған қаласының ТЖБ қызметкерлерімен «Сити Плюс» сауда және ойын сауық орталығының «Патифуд» және «Бюргер Кинг»желісі сататын пицца мен бюргерлергедің қораптарына балалардың қауіпсіз әрекеті туралыата-аналарға арналған ережесі бар ақпараттық жаднамалар орналастырылды. Соңында қатысушыларға балалардың отпен ойнауын алдын алу жөнінде жаднамалар таратылды.

Акция аяқталған соң адамдар жаппай болатын объектіде өрт шыққан жағдайда іс-қимыл жасау туралы жаднамалар «Сити Плюс» сауда және ойын сауық орталығына келушілер мен бутиктердің сатушыларына таратылды.
 
Талдықорған қаласының төтенше жағдайлар басқармасы



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.