Сәрсенбі, 18 Шілде 2018
Қалалық және ауылдық көше-жол желісін жалпы ұзындығы 427,9 км., оның ішінде 77% қала көшелері және 23% ауылдық елді мекен.

Жаңалықтар

Кәмелетке толмаған жастардың ісі және олардың құқығын қорғау жөнінде комиссияның кезекті отырысы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 10.04.2018
Оқылды: 151 Печать страницы
Кәмелетке толмаған жастардың ісі және олардың құқығын қорғау жөнінде комиссияның кезекті отырысы
Бүгін Талдықорған қалалық әкімдігінде кәмелетке толмаған жастардың ісі және олардың құқық қорғау жөнінде комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, Талдықорған қаласының жергілікті полиция қызметі басшысының м.а Жеңіс Мәлікбазаров, білім бөлімінің басшысы Жандос Жолдыханов, қалалық мектеп директорлары, ювеналды мектеп инспекторлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыста төрағалық еткен қала әкімінің орынбасары М.Көлбаев қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықбұзушылықтары, ерте жүктілік, кешкі белгіленген уақыттан кейін көшеде жүру мәселелерін алға қойды.
Алғашқы болып сөз алған Талдықорған қаласының жергілікті полиция қызметі басшысының м.а Жеңіс Мәлікбазаров баяндама жасады. Өз баяндамасында ол Талдықорған ҚIIБ ЖПҚ Ювеналдық полиция тобының 2018 жылдың 1-тоқсанға арналған негізгі ұйымдастырушылық жұмыс жоспарына сәйкес, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында қаладағы жастар көп шоғырланатын жерлерді, ойын-сауық орындарын түнгі уақытта тексеру, оларға алкогольдік және темекі өнімдерін сату деректерін анықтау үшін жасалған рейд нәтижелеріне тоқталды. «Ағымдағы жылдың үш айының өзінде ғана біздің қызметкерлердің қатысуымен 281 жасөспірім ұсталып, 140 құқықбұзушылық хаттамалары толтырылды. Мұның бәрі қаламыздың қауіпсіздігі үшін істеліп жатқан шаралар деп білемін», - деді Ж.Мәлікбазаров. Оның мәліметіне сүйенсек, қала аумағы бойынша 26 орта мектеп болса, оның барлығына 23 мектеп инспекторлары бекітілген. Кейбір жақын мектептерге бір инспектор қызмет етеді.
Келесі болып сөз алған білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыхановтың айтуынша 2017-2018 оқу жылында 24 білім беру мекемесінде 42 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, 22 педагог-ұйымдастырушы, 43 педагог-психолог, 23 қоғамдық инспектор және 1108 сынып жетекшісі жұмыс атқарады. Сонымен қатар, барлық қала мектептерінде «Жас Ұлан», «Жас полиция көмекшісі», «Адал ұрпақ» ұйымдары құрылып, жұмыс атқаруда. Осы ұйымдар есептегі оқушыларды қатыстыра отырып түрлі құқықтық, танымдық, тәрбиелік тақырыптардағы дөңгелек үстелдер, әңгіме-кеңестер, кездесулер және музейлерге экскурсия өткізу жолға қойылған. «Бүгінгі күні қала мектептерінде тұрмысы төмен, сәтсіз 43 отбасы болса, онда бала саны 63 құрап отыр. Аталған мәселеге қалалық білім бөлімі жіті бақылауда ұстап, белгілі бір деңгейде қол ұшын созуда», - деді Ж.Жолдыханов.
Жиын соңында қаралған мәселе бойынша қатысушылардың қанағаттандырылғаны бір ауыздан шешім қабылданып, қолдалды.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.