Жұма, 21 Ақпан 2020
Талдықорған Жетісу аймағы Қаратал өзенінің бойында Жоңғар Алатауының батыс жағында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км, батыстан шығысқа – 17,5 км созылып жатыр, теңіз деңгейінен 650 м-ден астам биіктікте орналасқан.

Ауылдық жерлерге жұмыс істеу және тұруға тарту мақсатында әлеуметтік сала мамандарын ынталандыру туралы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 03.02.2020
Оқылды: 62 Печать страницы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы                   6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету көзделген:

- жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең (2020 жылға АЕК – 2651 теңге) көлемде көтерме жәрдемақы;

- 2011 жылдың шілде айынан бастап бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын  (2020 жылға АЕК – 2651 теңге) көлемде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит.

Әлеуметтік қолдау шаралары аталған санаттағы мамандарға  ауылдық жерлерде орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мекемелерінде көтерме жәрдемақы аларда және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит аларда үш жылдан кем емес  мерзімге жұмыс жасау шартымен тегін түрде көрсетіледі.

Мамандарға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие сыйақысы несие сомасынан жылдық 0,01 пайыз мөлшерлемесімен он бес жыл мерзімге беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелендіру «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  арқылы жүзеге асырылады. 

 Әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар мамандарға - қалалық және өзге де  елді мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға тілек білдірген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейінгі, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері жатады.

Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмыстарын ұйымдастыру үшін қалалық әкімдікте мәслихат депутаттарынан, атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінен тұратын, тұрақты жұмыс жасайтын комиссия құрылған. 

Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен анықталады.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

Аталған мемлекеттік қолдауды алу үшін маман жұмысшы органға төмендегідей құжаттарды тапсырады:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде;

осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;

3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;

маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;

кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.

Әлеуметтік қолдау шаралары бойынша түсіндірмелер мен кеңестер алу, сондай-ақ құжаттарды тапсыру үшін мамандар «Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-не Талдықорған қаласы, Абай көшесі 256, 118 бөлме мекенжайы немесе 40-07-92, 24-72-90 телефоны бойынша жүгінулері қажет. 

 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.