Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердін назарына!!!!!

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 02.03.2020
Оқылды: 76 Печать страницы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына сәйкес «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бағдарламасының 7–тармақ 7) тармақшасында көрсетілген ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тыңайтылатын алқабына арналған алтыдан кем емес агрохимиялық көрсеткіш (қарашірік, су немесе тұз сүзіндісінің сутегі көрсеткіші (РН), нитраттық, жеңіл гидролиздендіргіш немесе сілтілі гидролиздендіргіш азот, фосфордың, калий мен күкірттің жылжымалы нысандары) бойынша электрондық агрохимиялық картограмманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу деп көрсетілген.

      Бұл тармақ 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Осыған байланысты қала аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіске қолданатын минералды тыңайтқыштарды уақтылы пайдалану мақсатында ағымдағы жылдан бастап топырақты агрохимиялық талдау жасау жұмыстарын  жұргізу тиісті екенін хабардар етеміз.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.