Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Хабарландырулар

«Қызмет көрсету саласындағы үздік жұмысшы»

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 06.09.2018
Оқылды: 47 Печать страницы
«Қызмет көрсету саласындағы үздік жұмысшы»
қалалық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
 
1. Жалпы ережелер
1.1. «Қызмет көрсету саласындағы үздік жұмысшы» байқауы (бұдан әрі - байқау) «Қала күні» мерекесі аясында кәсіби шеберлікті арттыру және білікті мамандарды анықтау мақсатында өткізіледі.
1.2. Байқауды «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ мен «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірлесе отырып, 2018 жылғы 5-25 қыркүйек аралығында өткізеді.
1.3. Байқауды ұйымдастыру мен әдістемелік қамсыздандыруды «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің жанынан құрылған байқау комиссиясы жүзеге асырады.
1.4. Осы ереже бұқаралық ақпарат құралдырында және Талдықорған қаласы әкімінің ресми сайтында жарияланады.
 
2. Байқауды өткізу шарттары
2.1. Байқауға сәйкесінше байқау комиссиясына өтінім берген қызмет көрсету саласының жұмысшылары қатыса алады.
2.2. Байқауға қатысу туралы өтінім байқау комиссиясы орналасқан келесі мекен-жай бойынша жолданады: «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, Талдықорған қаласы, Абай көшесі № 256, №109 кабинет.
2.3.Байқау келесі номинация бойынша өткізіледі:
- «Қызмет көрсету саласындағы үздік жұмысшы»;
 
3. Бағалау критерилері
3.1. «Қызмет көрсету саласындағы үздік жұмысшы» номинациясы бойынша жеңімпаз келесідей критерилер бойынша анықталады (ең жоғары ұпай - 50 балл):
  • Еңбек жолының сипаттамасы (жұмысшының адами қасиеттері - шеберлігі, көрсетілген қызмет түрінің сапасы?,тұтынушының шағымдарын қаншалықты тыңдауға даяр?;
  • Байқауға қатысушының немесе оның тікелей бастамасымен қызмет көрсету саласын жақсарту бойынша жаңашылдықтар енгізуі, кәсіби қызметіндегі перспективасы;
  • Бизнес қауымдастықтардың, ғылыми орталықтардың, басқада мекемелердің ұсыныс хаттары;
  • кәсіби біліктілігін арттыру бойынша диплом, сертификат және куәліктердің көшірмесі;
 
 
4. Байқауды өткізу тәртібі
4.1. Байқауға қатысу туралы өтінім қажетті құжаттармен бірге (суреті, өмірбаяны, грамоталары мен сертификаттары) 2018 жылғы 5-25 қыркүйек аралығында күнделікті сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
4.2. Ең көп ұпай жинаған қатысушы байқау жеңімпазы болып танылады.
 
 
5. Байқау қорытындысын шығару
5.1. Байқау комиссиясы байқау қорытындысын өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталған соң, бір күн ішінде шығарады.
5.2. Байқау комиссиясының шешімі алқалы түрде қабылданып, хаттамамен рәсімделеді (дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы шешуші дауысқа ие). Хаттамаға байқау комиссиясының төрағасы, хатшы, комиссия және отырыс мүшелері қол қояды. Байқау комиссиясының қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
5.3. Жеңімпаз деп танылған адам «Жастар» саябағында өтетін Гала-концерт барысында Қала әкімінің бағалы сыйлығымен марапатталады.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.