Бейсенбі, 15 Қараша 2018
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Хабарландырулар

«Үлгілі қоғамдық көлік жүргізушісі»

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 06.09.2018
Оқылды: 85 Печать страницы
 
«Үлгілі қоғамдық көлік жүргізушісі» қалалық конкурсы туралы
Е Р Е Ж Е
 
  1. Жалпы ережелер
    1. «Үлгілі қоғамдық көлік жүргізушісі» қалалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс)«Қала күніне» орай, жүргізушілердіңкәсіби деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.
    2. Конкурсты жолаушыларды тасымалдаушы мекемелер «Ақ – Нар А» ЖШС, «Жан - Ел» ЖШС, «Жигули» ЖШС, «Майка Инвест» ЖШС, «Сайман» ЖШС, «Талдықорған - Таксопарк» ЖШС, «Транстал» ЖШС 2018 жылғы 5 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында, «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып өткізеді.
1.3. Конкурсты өткізудің ұйымдастырушылық және әдістемелік қамсыздандыруын Талдықорған қаласы әкімі бекіткен комиссия жүзеге асырады.
1.4. Осы ереже бұқаралық ақпарат құралдарында және Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.
 
  1. Конкурс өткізудің шарттары
2.1. Конкурсқа тиісті конкурстық комиссияға өтінім берген Талдықорған қаласының қоғамдық көлік жүргізушілері қатысады.
2.2. Конкурсқа қатысу өтінімдері конкурстық комиссияға келесі мекенжайға жолданады: Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 271 ғимарат, 2 қабат, «Жолаушыларды тасымалдау басқармасы жөніндегі орталық» ЖШС – нің қабылдау бөлмесі.
2.3.Конкурс келесі номинация бойынша өткізіледі:
- «Үлгілі қоғамдық көлік жүргізушісі».
 
3. Бағалау критериелері
3.1. «Үлгілі қоғамдық көлік жүргізушісі» жеңімпаздары келесі критериялар бойынша анықталады:
- жұмыс өтілі.
- басшысның ұсынысы бойынша
 
 
  1. Конкурсты өткізу тәртібі
4.1. Конкурсқа қатысу өтінімдері мен қағаз фото материалдар 25.09.2018 ж. сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
4.2. Қалада үлгілі деп танылып, ең көп дауыс иеленген автобус жүргізушісі конкурстың жеңімпазы болып танылады.
 
  1. Конкурстың қорытындысын шығару
5.1. Конкурстың қорытындысын Конкурстық комиссия интернет –дауыс беру нәтежиесі бойынша шығарады.
5.2. Жеңімпаздар Қала күніне арналған салтанатты шара кезінде бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.