Бейсенбі, 15 Қараша 2018
Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы, "Талдықорған" индустриялық аймағының бос алаңдары, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен ұштастырылған қолайлы су және экологиялық жағдайлары бар.

Хабарландырулар

«Үлгілі ұста»

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 06.09.2018
Оқылды: 89 Печать страницы
«Үлгілі ұста» қалалық конкурсы туралы
Е Р Е Ж Е
 
1. Жалпы ережелер
1.1. «Үлгілі ұста» қалалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) «Қала күніне» орай, кәсіби шеберлікті жетілдіру және біліктілікті арттыру, білікті мамандарды анықтау мақсатында өткізіледі.
1.2. Конкурсты «Талдықорған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2018 жылғы 5 қыркүйек және 25 қыркүйек аралығында, «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып өткізеді.
1.3. Конкурсты өткізудің ұйымдастырушылық және әдістемелік қамсыздандыруын Талдықорған қаласы әкімі бекіткен комиссия жүзеге асырады.
1.4. Осы ереже бұқаралық ақпарат құралдарында және Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.
 
2. Конкурс өткізудің шарттары
2.1. Конкурсқа тиісті конкурстық комиссияға өтінім берген үлгілі ұсталар қатысады.
2.2. Конкурсқа қатысу өтінімдері конкурстық комиссияға келесі мекенжайға жолданады: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241 ғимарат, №203 бөлме, «Талдықорған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесі.
2.3.Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі: - «Үлгілі ұста»
 
3. Бағалау критериелері
3.1. «Үлгілі ұста» номинациясының жеңімпаздары келесі критериялар бойынша анықталады (ең жоғары ұпай - 50): - еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік нұсқаулары және ережелерін бұзушылықың болмауы - ең жоғары ұпай 10; - біліктілік комиссиясының аттестациясы -ең жоғары ұпай 10;
Арнайы киімнің және жеке басын қорғаудың қажетті заттары - -ең жоғары ұпай 10; -жабдықтардың қасиеті, құрылуы, пайдалану және жөндеу ережесі - ең жоғары ұпай 10; -ең жоғары ұпай 10; (конкурс шарттарын, жұмыстың орындалу технологиясын, еңбек қауіпсіздігінің ережесін сақтамаған жағдайда комиссия шешімі бойынша қатысушы ары қарай қатысудан шеттетіледі).
 
 
  1. Конкурсты өткізу тәртібі
4.1. Конкурсқа қатысу өтінімдері мен қағаз және электрондық тасымалдағышта фото материалдар 25.09.2018 ж. сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
4.2. Қалада үздік деп танылып ең жоғары ұпай иеленгендер конкурстың жеңімпаздары болып танылады.
 
  1. Конкурстың қорытындысын шығару
5.1. Конкурстық комиссия конкурс аяқталған күннен кейінгі бір күн ішінде, конкурстық комиссияның барлық номинанттарды аралауы нәтижесін есепке ала отырып, конкурстың қорытындысын шығарады.
5.2. Комиссияның шешімдері отырыстарды алқалы түрде қабылданып хаттамамен рәсімделеді (дауыс берулер тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші құқық иеленеді). Хаттамаға комиссия төрағасы, хатшысы, және отырысқа қатысқан комиссия мүшелері қол қояды. Конкурстық комиссияның шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында және/немесе Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.
5.3. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.