Сейсенбі, 18 Желтоқсан 2018
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Хабарландырулар

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 05.10.2018
Оқылды: 150 Печать страницы
Қазақстан реСпубликасының білім және ҒЫЛЫМ министрлігінің 2016 жылғы 29 ҚАҢТАРДАҒЫ № 122 БҰЙРЫҒЫНА СӘЙКЕС МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
 
Конкурсты ұйымдастырушы:
 
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Ақын Сара көшесі, №157
БИН 120640016963
ИИК KZ750705034647847001
Банк "ҚР Қаржы министрлігінің Қазыналық комитеті»
БИК KKMFKZ2A
Байланыс телефоны: +7(7282) 24-21-90
 
Конкурсты ұйымдастырушының өкілі – Ж.Жолдыханов – «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Конкурсқа қатысуға өтініштер
Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:
1) комиссия төрағасының атына Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі;
5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме нысанын толтырады.
Растайтын құжаттар:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен 2017 жылдың 17 тамыздағы бекітілген № 615 «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар ережелерінің талаптарына атқарылатын қызметтердің сәйкестігі (әрі қарай санитарлы ережелер);
2.Тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларының Стандарт (оқу бағдарламасы) талаптарына сәйкестігі;
3. Өрт қауіпсіздігі бойынша қорытынды;
 
Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін рәсімдеуге қойылатын талаптар
Ұйымдастырушыға потенциалды жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімі тігілген түрде, беттері нөмірленген және соңғы бетіне қол және мөрмен расталады. Конкурстық өтінімде, жолдар арасында ешқандай түзетулер болмауы қажет, егерде потенциалды жеткізушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болғанда ғана мүмкін. Потенциалды жеткізуші конкурсқа қатысу өтінімін конвертке салып, сыртқы жағында потенциалды жеткізушінің толық атауы және мекен-жайы, конкурс ұйымдастырушысының толық атауы және мекен-жайы көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жазылып, ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың тәртібі
Конкурсқа өтінімді потенциалды жеткізушілер немесе олардың сенімді өкілдерімен конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне немесе почта байланысының тапсырысын қолдана мына мекен-жайға жіберіледі:
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі,Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, №157 үй, 2018 жылдың 02 қарашасы сағат 18:00-ге дейін.
Конверт «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Ақын Сара көшесі, №157 үй, 2018 жылдың 05 қарашасында сағат 10:00-де, 22.01.2018 жылғы №60 бұйрығына сәйкес құрылған комиссия мүшелерінің құрамының негізінде ашылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың ШЕШІМІ қалалық әкімдіктің интернет ресурсында жарияланады. http://taldykorgan.gov.kz/
 
 
 
 
 
 
1 ҚОСЫМША
Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
___________________________
Өтініш
Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне
____________________________________________________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
қосуды өтінемін
Мектепке дейінгі ұйымның басшысы______________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Толтырылған күні
М.О.
2-қосымша
Міндеттеме нысаны
(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)
Аудандық білім бөлімінің басшысына
Қалалық білім бөлімінің басшысына
Облыстық білім бөлімінің басшысына
(республикалық маңызы бар қаланың және
астананың)
____________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
Жеткізушінің міндеттемесі
Жарлық негізінде қызмет атқаратын ____________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес ата-ананың ақы төлеу мөлшерінен
аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтуге
ата-ана төлемінің көлемін белгілеу және тек аудандық (қалалық) білім
бөлімінің (басқармасының) жолдамасы бойынша мемлекеттік білім беру
тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы міндеттерді орындауға
__________________________________________________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
кепілдік етеді.
Мектепке дейінгі ұйымның басшысы_____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Толтырылған күні
05.10.2018 ж



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.