Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Хабарландырулар

«Біз болашақ жастары» орта білім беру оқу орындарының оқушылары арасындағы ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.03.2019
Оқылды: 22 Печать страницы
                                                                                                                                                      БЕКІТЕМІН
                                Алматы облысы дін істері
                                басқармасының басшысы
                                ______________Р. Есдәулетов
                                                                                                                       «_____» ___________  2019ж.                                        
 
«Біз болашақ жастары»
орта білім беру оқу орындарының оқушылары арасындағы
ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
  1. Ұйымдастырушылар:
Алматы облысының дін істері басқармасы жанындағы                                             «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 
  1. Эссенің мақсаты:
 
 ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларыаясында жастар жылына орайжастардың рухани-адамгершілік және патриоттық сезімдерін ояту. Болашақ жас ұрпақты көркем мінезде өнегелі, өнерлі тәрбиеге баулау, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Зияткерлік мүмкіндіктерді дамытуға өз септігін тигізетін  ақпараттық-білім беру және тәрбие беру ортасын қалыптастыру.
 
  1. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
 
  • «Біз болашақ жастары» атты эссе байқауы облыс аймағындағыорта білім  беру оқу орындарының 9-10 сынып оқушылары қатыса алады.
  • Жұмыс Word беттерінде жазылып, Times New Roman 14 қарпімен жазылып, біркелкі интервалға түсірілуі тиіс. Мәтін бетке түсірілгеннен кейін сол жағынан 3 см, оң жағынан, жоғарыдан, төменнен 1,5 см-дан қалдырылуы қажет. Сондай-ақ, мәтін 2 беттен аспау керек.
 
  1. Эссені бағалау барысында келесі жайттарға ерекше көңіл аударылады:
  • мәтіннің берілген тақырыпқа сай болуы;
  • мәтінде аталған қандай да бір фактілердің дұрыстығы;
  • авторлық көзқарас, шыншылдық, айтылған ойдың эмоционалдығы, безендіру шеберлігі, қызық идеялар мен жарқын бейнелердің болуы;
  • мәтінді құру тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы және т.б.)
  1. Байқау уақыты:
 
- Байқауға қатысушылар өтінімі 2019 жылдың 15 сәуірге дейін жалғасады.(Байқаудын салтанатты қорытындысы, өтетін уақыты қосымша хабарланады);
-2019 жылдың 15 сәуір күні сағат 18:00-ден кейін келіп түскен шығармашылық жұмыстар қабылданбайды.
 
6. Байқау жеңімпаздарын марапаттау       
 Байқау жеңімпазына бағалы сыйлықтар мен аты жазылған дипломдар, алғыс хаттар немесе қатысқаны үшін алғыс білдіретін хаттар табысталады.
Сонымен қатар, Байқауға ұсынылған шығармалар «Дін мәселелерін зерттеу орталығының»  ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда  жарияланады.
 
  1. Эссеге ұсынылатын материалдар мына мекен-жайға
жолдануы тиіс:
Алматы облысы дін істері басқармасының«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 13А.
Байланыс телефоны: 8(7282) 40-13-39, 87714706071
 
  1. Қатысушының тіркелу формасы
 
Аты-жөні:
 
Аудан, қала (ауыл) атауы
 
Оқу орны, сыныбы
 
Байланыс телефоны:
 
 
 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.