Бейсенбі, 20 Ақпан 2020
Қалалық және ауылдық көше-жол желісін жалпы ұзындығы 427,9 км., оның ішінде 77% қала көшелері және 23% ауылдық елді мекен.

Салықтөлеушілер назарына!

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 06.02.2020
Оқылды: 46 Печать страницы

   Салық кодексінің 1-бабының 65 тармақшасы тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы айқындаған.

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

  • тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
  • тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
  • тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10 тармақшасы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама тапсыруға міндетті.

Туындаған сұрақтар бойынша 24-42-33 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

Талдықорған қаласы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Ж.Молдахметова

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.