Сәрсенбі, 12 Желтоқсан 2018
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Оқиға анонсы

Ұлттық байқауларға өтінім қабылдау басталды

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 02.03.2018
Оқылды: 297 Печать страницы
Ұлттық байқауларға өтінім қабылдау басталды
«Алтын сапа» Президент сыйлығының жеңімпаздарына 1 млн теңге беріледі
 
Алматы облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы (ӨКП) «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына өтінім қабылдауды бастады. ӨКП Сертификация жөніндегі маманы Жанна Маратованың айтуынша, биылғы «Алтын сапа» байқауына жаңадан ауыл шаруашылығы мен тағам өнімдерінің өндірісі саласына арналған төртінші аталым енгізілді. Сонымен қатар «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығы бекітілді. Осылайша «Алтын сапа» сыйлығы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт аталым бойынша табысталады: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққар арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарлары және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын».
«Комиссияның құрамы да өзгерді, ауыл шаруашылығы өнімі мен қайта өңдейтін тағам өнеркәсібі заңды тұлғалар бірлестіктерінің бір-бірден енгізілді, Сонымен қатар байқауға қатысу үшін кәсіпорындарды ынталандыру шарасы – «Алтын сапа» сыйлығының әр лауреатына 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Бұл сыйақы халықаралық байқауға қатысуға ынталандырады», - дейді Жанна Маратова.
Айта кетейік, өткен жылы Панфилов ауданындағы «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС «Алтын сапа» байқауының лауреаты атанды.
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының өткізілу тәртібі де біраз өзгерген. Көрме-байқауының жеңімпаздарын дәрежесіне қарай бөлу алынып тасталды, себебі жеңімпаз болған тауардар түрлі тауар тобына жатады, олардың тұтынушылық құрамы екі жағдайда да жоғары деңгейде. Үш аталымда теңдей үш жеңімпаз анықталады. Сонымен қатар байқаудың қосымша кезеңі – қоғамдық онлайн дауыс беру енгізіледі. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша онлайн-дауыс беруге қатысатын 27 финалға қатысушы анықталады. Сонымен қатар, байқау дипломанттарының қосымша атағын беру алынып тасталды.
2017 жылы Талдықорғандағы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңінде «Лепсинск өнімдері» ЖШС, «Абди Ибрахим глобал фарм» ЖШС, «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС бірінші орынға ие болды.
Байқауларға қатысуға ниет білдірген тұлғалар Кәсіпкерлер палатасына өтінім мен материалдарды тапсыруы тиіс.
Байқауларға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Конкурстар бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтында танысуға болады.Телефон бойынша кеңес: 8 (7282) 401-027, 8707 386 99 73, 8 701 770 80 02.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.