Сейсенбі, 31 Наурыз 2020
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Талдықорған қаласының көп балалы аналарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен тегін жол жүруі туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 08.05.2019
Оқылды: 226 Печать страницы
Жоба
Талдықорған қаласының көп балалы аналарының
қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа)
жеңілдікпен тегін жол жүруі туралы
 
     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Талдықорған қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ  және Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
  1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру  белгіленсін:
       - төрттен алтыға дейін қоса алғанда балалары бар;
       - көп балалы аналар «Алтын алқа» алқасымен марапатталған;
       - көп балалы аналар «Батыр ана» атағын алған;
         - I және II деңгейлі «Ана атағы» орденімен марапатталған көп балалы аналар.
2. Қаржыландыру көзі болып Талдықорған қаласының бюджеті белгіленсін.
  3. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуынбақылау   қала әкімінің орынбасары С.А. Арзанбековаға және Д.К.Тұрғанбаевқа жүктелсін.
  4. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет   органдарында   мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы  ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
        Талдықорған қаласы әкімі                                     Ғ. Әбдірайымов                                                  
        Қалалық маслихат
        сессия төрағасы                                                      Т.Ахажан                                                
 
        Қалалық
        маслихат  хатшысы                                                 Қ. Бұлдыбаев

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.