Сейсенбі, 31 Наурыз 2020
Талдықорған Жетісу аймағы Қаратал өзенінің бойында Жоңғар Алатауының батыс жағында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км, батыстан шығысқа – 17,5 км созылып жатыр, теңіз деңгейінен 650 м-ден астам биіктікте орналасқан.

Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 167 шешіміне ө

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 15.10.2019
Оқылды: 120 Печать страницы

ЖОБА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 28 наурыздағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4644 тіркелген, 2018 жылдың          28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  

          Көрсетілген шешіммен бекітілген Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

          7 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

          «7. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:

          1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 400 айлық есептік көрсеткіш;

          2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;

          3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;

          4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары – 26 айлық есептік көрсеткіш;

       5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш;

          6) әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 500 айлық есептік көрсеткіш, бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде;

          7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде – отбасына 200 айлық есептік көрсеткіш;

          8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар –15 айлық есептік көрсеткіш;

          9) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар – 15 айлық есептік көрсеткіш;

          10) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалары бар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын  көпбалалы отбасылар - 5 айлық есептік көрсеткіш;

          Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.

          Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:

          1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

          2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

          3) облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

          Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін басшылыққа алады.

          2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихатының «Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

          3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Талдықорған қалалық мәслихатының сессия төрағасы

_____________________________

 

Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы

_________________________

 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.