Сейсенбі, 31 Наурыз 2020
Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы, "Талдықорған" индустриялық аймағының бос алаңдары, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен ұштастырылған қолайлы су және экологиялық жағдайлары бар.

Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 338 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 18.10.2019
Оқылды: 108 Печать страницы

Жоба

Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 4 қыркүйектегі «Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік  әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» № 338 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес,  Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік  әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3456 тіркелген, 2015 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Шешімнің тақырыбы және  1 – тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

«Талдықорған қаласының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына  коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы»

          «1. Талдықорған қаласының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихатының «Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Талдықорған қалалық                                      Талдықорған қалалық

мәслихатының сессия төрағасы                           мәслихатының хатшысы

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.