Сейсенбі, 31 Наурыз 2020
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 357 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 18.10.2019
Оқылды: 114 Печать страницы

Жоба

Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне  коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын  үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай  өтемақы белгілеу туралы» № 357 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағы 15) тармақшасына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 53-бабының 2-тармағына 2) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты                             ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Талдықорған қалалық мәслихатының «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы» 2015 жылғы 18қарашадағыі № 357 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3596 тіркелген, 2015 жылдың 03 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

 1 – тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

          «1. Талдықорған қаласының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог жұмыскерлеріне бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихатының «Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Талдықорған қалалық                                      Талдықорған қалалық

мәслихатының сессия төрағасы                       мәслихатының хатшысы                        

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.