Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 03.02.2020
Оқылды: 52 Печать страницы

Жоба

 

Талдықорған қаласының ауданының

ауылдық елді мекендерінде тұратын

және жұмыс істейтін мемлекеттік

денсаулық сақтау, әлеуметтік

қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,

спорт және ветеринария ұйымдарының

мамандарына бюджет қаражаты есебiнен

коммуналдық көрсетілетін қызметтерге

ақы төлеу және отын сатып алу бойынша

әлеуметтік қолдау көрсету  тәртібін және

мөлшерін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                              23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты                          ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Талдықорған қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

          1) «Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік  әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3456 тіркелген, 2015 жылдың 13 қазанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы  № 357 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3596 тіркелген, 2015 жылдың 18 желтоқсанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихатының «Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

          4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Талдықорған қалалық                                      Талдықорған қалалық

мәслихатының сессия төрағасы                       мәслихатының хатшысы                        

 

 

Талдықорған қалалық мәслихатының

2020 жылғы «__» _______
№ ___шешіміне қосымша

 

 

Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету  тәртібі және мөлшері

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – «Талдықорған  қаласының жұмыспен  қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық хал  актілерін  тіркеу  бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

 

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

 

3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынған тізімдерін ауылдықәкімдіктерінің  бекітуі  арқылы өтініш талап етпестен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

4. Әлеуметтік қолдау төлемдері заңнамада белгіленген тәртіппен мамандардың дербес шоттарына сомаларды аудару үшін жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті орган ұсынған тізімдемеге сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы төленеді.

 

3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

 

5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

 

4. Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

 

 

6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:

1) алушы қайтыс болғанда;

2) алушы Талдықорған қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.

Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.