Сейсенбі, 31 Наурыз 2020
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Талдықорған қаласының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 04.04.2018
Оқылды: 508 Печать страницы
Талдықорған қаласының аумағында
табиғи сипаттағы төтенше жағдайды
жариялау туралы
 
Нормативтік құқықтық акт 2018 жылғы 04 сәуір Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4627 болып енгізілді
 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. Талдықорған қаласының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып қала әкімінің орынбасары Д. Жолжанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы шешімді Талдықорған қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д. Жолжановқа жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
 
Қала әкімі Б. Қарасаев

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.