Бейсенбі, 15 Қараша 2018
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Сайлаушыларға

 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
Қ А У Л Ы
 
2018 жылғы 28 тамыз № 29
 
 
Алматы облысы мәслихаттарының шығып
қалған депутаттарының орнына сайлауын
тағайындау туралы
 
 
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес Алматы облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  1. Алматы облысы мәслихаттарының:
  1. Алматы облыстық мәслихатының №17 Шамалған сайлау округі;
  2. Жамбыл аудандық мәслихатының №15 Мыңбаев сайлау округі;
  3. Қарасай аудандық мәслихатының №5, 17 сайлау округтері;
  4. Кербұлақ аудандық мәслихатының № 14 Жайнақ сайлау округі;
  5. Райымбек аудандық мәслихатының №8 Нарынқол сайлау округі;
  6. Талдықорған қалалық мәслихатының №2 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттардың сайлауы 2018 жылғы 28 қазанға тағайындалсын.
  1. Қоса беріліп отырған Алматы облысы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Тиісті сайлау комиссиялары Алматы облысы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеуді және ұйымдасқан түрде өткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына жіберілсін.
 
 
Облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Т. Дәуітов
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2018 жылғы 28 тамыздағы Алматы
облыстық сайлау комиссиясының
№ 29 қаулысына қосымша
 
2018 жылғы 28 қазанға тағайындалған Алматы облысы мәслихаттарының шығып қалған депуттарының орнына сайлауын
өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
 
  1. Сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну.
 
Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары және азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен.
2018 жылғы 29 тамызда басталады және сайлау күніне бір ай қалғанда - 2018 жылғы 28 қыркүйекте аяқталады.
(103-б.)
 
2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты тиісті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.
 
Тиісті әкімдер.
Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей -
2018 жылғы 4 қыркүйектен кешіктірмей.
(23-б.)
 
3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
 
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей
2018 жылғы 7 қыркүйектен кешіктірмей.
(17-б.)
 
4. Сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
 
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей –
2018 жылғы 7 қыркүйектен кешіктірмей.
(22-б.)
 
5. Округтік сайлау комиссияларының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.
 
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей –
2018 жылғы 7 қыркүйектен кешіктірмей.
 
(15-б.)
 
6. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-
2018 жылғы 7 қыркүйектен кешіктірмей.
(13-б.)
 
7. Сайлаушылардың тізімдерін жасау.
 
Тиісті жергілікті атқарушы органдар,халықты есепке
алуды жүзеге асыратын органдар ұсынатын мәліметтердің
негізінде.
(24-б. )

 

8. Сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына жеткізу.
 
Тиісті әкімдер.
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын-
2018 жылғы 8 қазаннан кешіктірмей.
(24-б. 5-т.)
 
9. Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттың назарына оның ұсынылғаны туралы шешімді жеткізу.

 

Қоғамдық білестіктердің, олардың құрылымдық
бөлімшелерінің жоғарғы органдары
(103-б. 3-т 1 т-ша)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге округтік сайлау комиссиясына ұсыну.

 

Қоғамдық бірлестіктердің олардың құрылымдық
бөлімшелерінің жоғарғы органдары, депутаттыққа
кандидаттар.
(103-б. 3-т. 2 т-ша)
 
11. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясына, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтау.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Азаматтың өзін-өзі ұсыну жолымен дауысқа түсуге
берген өтініші немесе қоғамдық бірлестіктің жоғарғы
органының кандитатты ұсынуы туралы хаттамасының
көшірмесімен қоса, оның дауысқа түсуге келісімі туралы
өтініші түскен сәттен бастап үш күн ішінде.
(103-б. 8-т.)
 
12. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2018 жылғы 1 тамызға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.
 
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).
Кандидат тіркелгенге дейін.
(104-б.1-1т.)
 
13. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
2018 жылғы 29 тамызда басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда - 2018 жылғы 3 қазанда аяқталады.
(104-б. 8-т.)
 
14. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына табыс ету.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Бескүндік мерзімде.
(104-б. 5-т.)
 
15. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.
 
Округтік сайлау комиссиясы.
Кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күнен
кешіктірмей.
(104-б. 6-т.)
 
16. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексерту.
 
Салық қызметі органдары
Кандидат тіркелен күннен бастап он бес күн ішінде.
(104-б. 1-1т.)
 
17. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсына тиісті куәлік беру.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген
сәттен бастап
(31-б.)
 
18. Сайлау алдындағы үгіт.
 
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен
басталып (2018 жылғы 4 қазанда басталады), сайлау
болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уакыт бойынша
нөл сағатта аяқталады (2018 жылғы 26 қазанда сағат
24.00 аякталады)
(27-б. 2-т.)

 

19. Үгіттік баспа материялдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарықтандыру.
 
Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау
комиссиялары.
Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алдындағы
үгіт басталғанға дейін.
(28-б. 6-т.)
 
20. Кандиттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру.
Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаулаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
 
Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі
басқару органдары.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.
(28-б. 4-т.)
 
21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін сайлаушыларға танысу үшін ұсыну.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру күніне дейін он бес күн қалғанда -
2018 жылғы 13 қазаннан кешіктірмей.
(26-б. 1-т.)
 
22. Сайлау учаскелерінде дауыс беретін уақыт пен орын туралы сайлаушыларды хабардар ету.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру өткізілетін күнге он күннен кешіктірмей
  • 2018 жылғы 18 қазаннан кешіктірмей.
(38-б. 2-т.)
 
23. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастаудың және аяқтаутаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушылардың назарына жеткізу.
 
Аумақтық сайлау комиссиялары.
(38-б. 1-т.)
 
24. Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері анықталатын округтік сайлау комиссиясының отырысын өткізу үшін, отырыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына жариялай отырып, сайлау учаскесін айқындау.
Округтік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей –
2018 жылғы 18 қазаннан кешіктірмей.
(43-б. 8-1-т.)

 

25. Сайлау бюлетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

 

Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары.
Сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын – 2018 жылғы
26 қазаннан кешіктірмей.
(37-б. 3-т.)
 
26. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын.
(2018 жылғы 28 қазанда жергілікті уақыт бойынша
сағат 6-00 - де)
(40-б.)
 
27. Дауыс беруді өткізу.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, сайлау күні, 2018 жылғы 28 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат
7-00-ден 20-00- ге дейін)
(38-б. 1-т., 42-б.)
 
28. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау туралы хаттама жасау.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.
Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, жергілікті
уақыт бойынша сағат 20-00- де басталады.
(43-б.)
 
29. Хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгілеген орынға ілу.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыстарды санау аяқталысымен - дереу.
(43-б. 8-т.)
 
30. Дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасағаннан кейін –
дереу.
(108-б. 1-т.)
 
31. Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін белгілеу, тиісті хаттама жасау оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Сайлау өткізілген күннен бастап екікүндік мерзіммен
асырмай - 2018 жылғы 30 қазаннан кешіктірмей.
 
(108-б. 2-т.)
 
32. Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттаманың кошірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін округтік сайлау комиссиясының отырысы өткізілген сайлау учаскесінің үй-жайында ілу.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін –
дереу.
(43-б. 8-1-т.)
 
33. Сайлау учаскелерін дауыстарды санаудың нәтижелері туралы алдын ала жиынтық тізімдемені жалпыжұрттың танысуы үшін отырыс өткен сайлау учаскесінің үй-жайында ілу.
 
Округтік сайлау комиссиялары .
Дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей – 2018
жылғы 2 қарашадан кешіктірмей.
(43-б. 8-2-т.)
 
34. Округ бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
(16-б.9)
 
35. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.
 
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау өткізілген күннен бастап бескүндік мерзіммен
кешіктірмей – 2018 жылғы 2 қарашадан кешіктірмей.
(111-б. 1-т.)
 
36. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
 
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей
  • 2018 жылғы 4 қарашадан кешіктірмей.
(44-б. 4-т. 2 т-ша)
 
37. Кандидаттардың сайлау қорларына келіп түскен ақшаның жалпысомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он күн ішінде –
2018 жылғы 7 қарашадан кешіктірмей.
(34-б. 4-т.)
 
38. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру.

 

Аумақтық сайлау комиссиялары.
(46-б. 3-т., 112-б 1-т.)
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.
 
 
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес Талдықорған қалалық сайлау комиссиясы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтердің шекаралары туралы хабардар етеді.
№ 2 сайлау округі
Орталығы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 67, І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы, тел.247783.
Шекаралары: № 858, 859, 868, 869 сайлау учаскелері.
 
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес Талдықорған қаласының әкімі сайлаушыларды әрбір сайлау учаскесінің шекарасы жөнінде хабардар етеді:
858 сайлау учаскесі
Орталығы: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 44, № 2 орта мектебі, тел. 246805.
Шекарасы: Талдықорған қаласы, көшелер: Абай № 1-ден 239-ға дейін (тақ жағы), № 2-ден 252-ге дейін (жұп жағы), Абылай хан № 1-ден 113-ке дейін (тақ жағы), № 2-ден 116-ға дейін (жұп жағы), А. Затаевич (толық), Ақ қайын (толық), Алатау (толық), Алмалы (толық), Гаухар ана № 1 -ден 63-ке дейін (тақ жағы), № 2-ден 62-ге дейін (жұп жағы), Дарабоз ана № 2-ден 70-ке дейін ( жұп жағы), № 1-ден 67-ге дейін (тақ жағы), Ж. Сыздықов (толық), Жетісу (толық), Қабанбай батыр № 2-ден 46-ға дейін (жұп жағы), Қапал (толық), Көгалды (толық), М. Кұрманов № 1-ден 59-ға дейін (тақ жағы), № 2-ден 34-ке дейін (жұп жағы), М. Талқыбаев № 1-ден 29-ға дейін (тақ жағы), № 2-ден 32-ге дейін (жұп жағы), М. Тухачевский (толық), Ойжайлау (толық), П. Нахимов (толық), Талдықорган (толық), Ф. Ушаков (толық), Шалқар (толық), Шығыс (толық), Э. Тельман (толық).
859 сайлау учаскесі
Орталығы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 77, Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, тел. 244569.
Шекарасы: Талдықорған қаласы, көшелер: Ақын Сара № 2-ден 116-ға дейін ( жұп жағы), № 43-тен 159-ға дейін (тақ жағы), Ә. Даиров № 8-ден 128-ге дейін (жұп жағы), № 25-тен 139-ке дейін (тақ жағы), А. Матросов (толық), Биржан Сал № 1-ден 57/61-ге дейін (тақ жағы), № 2-ден 80-ге дейін (жұп жағы), Гаухар ана № 64-тен 108-ге дейін (жұп жағы), № 65-тен 87-ге дейін (тақ жағы), № 73/75, №129, Дарабоз ана № 69-дан 103-ке дейін (тақ жағы), № 72-ден 110-ға дейін (жұп жағы), Е. Брусиловский № 55-тен 93-ке дейін (тақ жағы), № 64-тен 98-ге дейін (жұп жағы), Жаңа тұрмыс (толық), И. Белов № 159-дан 277-ге дейін (тақ жағы), № 162-ден 284-ке дейін (жұп жағы), И. Крылов (толық), Қарқара (толық), Қаратал № 2-ден 14-ке дейін (жұп жағы), Қабанбай батыр № 48-ден 62-ке дейін (жұп жағы), М. Кұрманов № 61-ден 113-ке дейін (тақ жағы), № 36-дан 74-ке дейін (жұп жағы), М. Талқыбаев № 31-ден 65-ке дейін (тақ жағы), № 34-тен 60-қа дейін (жұп жағы), Н. Некрасов (толық), Попов (толық), Тәуелсіздік № 2-ден 50-ге дейін (жұп жағы), Ш. Құдайбердиев № 125-тен 181-ге дейін (тақ жағы), № 84-тен 156-ке дейін (жұп жағы).
№ 868 сайлау учаскесі
Орталығы: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 241, ТҮКШ ғимараты, тел. 242334.
Шекарасы: Талдықорған қаласы, көшелер: Абай № 254-тен 314-ға дейін (жұп жағы), Ақсу № 3-тен 17-ге дейін (тақ жағы), № 2-ден 10-ға дейін (жұп жағы), Ақын Сара № 161-ден 203-ке дейін (тақ жағы), № 118-ден 192-ге дейін (жұп жағы), Біржан Сал № 63-тен 127-ге дейін (тақ жағы), № 122/128-ден 134-ке дейін (жұп жағы), Ж. Жабаев № 90-нан 128-ге дейін (жұп жағы), Жоңғар (толық), І. Жансүгүров № 72-ден 98-ге дейін (жұп жағы), № 87-ден 99/107-ге дейін (тақ жағы), Қабанбай батыр № 1-ден 101-ге дейін (тақ жағы), Қаблиса Жырау № 85-тен 107-ге дейін (тақ жағы), № 78-ден 112-ге дейін (жұп жағы), Қазақстан № 57-ден 109-ке дейін (тақ жағы), М. Төлебаев № 67-ден 69-ға дейін (тақ жағы), № 52-ден 76-ға дейін (жұп жағы), № 84, №86, П. Чайковский (толық), Тәуелсіздік № 67-ден 89-ға дейін (тақ жағы).
869 сайлау учаскесі
Орталығы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 67, І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы, тел.247783.
Шекарасы: Талдықорған қаласы, көшелер: Абай № 241-ден 283-ке дейін (тақ жағы), Абылай хан № 153-тен 191-ге дейін (тақ жағы), № 126-тан 226-ға дейін (жұп жағы), Амангелді № 3-тен 43-ке дейін (тақ жағы), № 6-дан 60-қа дейін (жұп жағы), Әмірғалиев 2-ден 34-ке дейін (жұп жағы), 1-ден 33-ке дейін (тақ жағы), А. Пушкин № 103-тен 153-ке дейін (тақ жағы), № 98-ден 156-ға дейін (жұп жағы), Балпық би № 101-ден 171-ге дейін (тақ жағы), № 90-нан 152-ге дейін (жұп жағы), В. Панфилов № 1-ден 19-ға дейін (тақ жағы), № 2-ден 20-ға дейін (жұп жағы), Ескелді би № 80-нен 124-ке дейін (жұп жағы), Жамбыл № 1-ден 21-ге дейін (тақ жағы), № 2-ден 20-ге дейін (жұп жағы), Ж. Жабаев № 42-ден 88-ге дейін (жұп жағы), № 31-ден 87-ге дейін (тақ жағы), І. Жансүгүров № 68/70, № 58/56, № 160/164, № 71-ден 73/85-ке дейін (тақ жағы), Қаблиса Жырау № 35-тен 83-ке дейін (тақ жағы), № 64-тен 76-ға дейін (жұп жағы), К. Майстрюк № 1-ден 41-ге дейін (тақ жағы), № 2-ден 38-ге дейін (жұп жағы), М. Төлебаев № 55-тен 65-ке дейін (жұп жағы), М. Фрунзе № 1-ден 21-ге дейін (тақ жағы), № 2-ден 22-ге дейін (жұп жағы), Тәуелсіздік № 47-ден 65-ке дейін (тақ жағы), Ш. Уәлиханов 40-тан 84-ке дейін (жұп жағы).

 

Талдықорған қалалық сайлау комиссиясының құрамы
Орталығы: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №44, №2 орта мектебі, тел.329260
Комиссия төрағасы – Жапсарбаев Ермұхан Айтқожаұлы
Комиссия төрағасының орынбасары – Жаңбырбаева Роза Несіпбайқызы
Комиссия хатшысы – Меліс Маржан Махаббатқызы
Комиссия мүшелері – Жүнісов Даулет Әбдібекұлы, Омаралин Бауыржан Түкенұлы, Қиялбеков Еркін Тыныштықұлы, Фазылов Берік Жеңісұлы.
 
Талдықорған қалалық мәслихаттың депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының құрамы
№2 округтік сайлау комиссиясы
Орталығы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, тел.247783
Комиссия төрағасы – Мұхаметжан Шайзада Базарбайұлы
Комиссия төрағасының орынбасары – Айтқазина Гүлзира Армияшқызы
Комиссия хатшысы – Мұхамеджанова Жұлдыз Ғабитқызы
Комиссия мүшелері – Есімбекова Мөлдір Маратқызы, Адчамбаева Ғалия Ардақтықызы, Есімбеков Қайрат Сламғалиұлы, Сейдахмет Айгерім Жәнібекқызы.
 
Талдықорған қаласы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамы
№858 учаскелік сайлау комиссиясы
Орталығы: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 44, №2 орта мектебі, тел.246805
Комиссия төрағасы – Байсова Ләйлә Жанатқызы
Комиссия төрағасының орынбасары – Егінбаева Дана Хамитқызы
Комиссия хатшысы – Диханбаева Ляззат Асымқызы
Комиссия мүшелері – Молгаждаров Бағдат Абылхатұлы, Халығұл Дария Жансерікқызы, Сейлханова Гүлнархан Оралханқызы, Болатова Айда Тұрсынқанқызы.
№859 учаскелік сайлау комиссиясы
Орталығы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 77, Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, тел.244569
Комиссия төрағасы – Абдуалипова Қаракөз Жарылқасынқызы
Комиссия төрағасының орынбасары – Қиялбеков Бағлан Рысбайұлы
Комиссия хатшысы – Көкешбаева Мөлдір Рахатқызы
Комиссия мүшелері – Тулеуова Айнұр Жақсылыққызы, Еркінбекова Үміт Сламбекқызы, Абдыкеров Жандос Сәлімжанұлы, Сейдахметова Гүлнұр Мырзағалиқызы.
№868 учаскелік сайлау комиссиясы
Орталығы: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241, ТҮКШ ғимараты, тел.243133
Комиссия төрағасы – Мамлеева Сәлима Бекентайқызы
Комиссия төрағасының орынбасары – Сеилбекова Жұлдыз Құлбайқызы
Комиссия хатшысы – Тұрғамбаева Күлшат Бейсекенқызы
Комиссия мүшелері – Идрисова Айым Табысқызы, Озенбаев Булат Бағланұлы, Тұрғанова Назира Даулетжанқызы, Байбатчаева Мадина Болатқызы.
№869 учаскелік сайлау комиссиясы
Орталығы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, тел.247783
Комиссия төрағасы – Исмағұлова Ардақ Жұмаханқызы
Комиссия төрағасының орынбасары – Ботабаева Айгүл Сәкенқызы
Комиссия хатшысы – Хайбуллина Фердауыз Шарифовна
Комиссия мүшелері – Килибаева Сандуғаш Жақыпбекқызы, Дюсембекова Айжан Темерханқызы, Тойахметов Нұржан Қадыржанұлы, Нұрқасымова Ляззат Тұрғанбекқызы.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.