Сенбі, 21 Сәуір 2018
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

"Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімі" ММ
2017 жылы атқарған жұмысы туралы
АҚПАРАТ
 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын насихаттау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қалада ақпараттық-түсіндіру жұмысын 11 топ, 114 адам жүзеге асырады.

Есепті кезеңде аталған АТТ мүшелері әр түрлі әлеуметтік топтарда 184 кездесу өткізді. Халықты осы бағытта ақпараттандыру мақсатында 10 бильборд, 3 перекид орнатылды. Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде арнайы айдарлар ашылып, 94 материал жарық көрді.
Жолдауды жүзеге асыру бойынша қоғамдық пікірді анықтау мақсатында 100 адамды қамтыған әлеуметтік сауалнама жүзеге асырылды.
Мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс негізінде 1,6 млн. теңгеге «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіруге және насихаттауға, «Мәңгілік Ел» идеясы негізіндегі азаматтық сәйкестікті нығайтуға бағытталған және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Символдарының 25 жылдық аясында қоғамдық – саяси шараларды өткізу» тақырыбындағы лот қарастырылып, "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігі ұтып алды.
Тәуелсіздікті, мемлекеттілікті нығайтуға негізделген қоғамның жалпы жүйе құндылықтарын қалыптастыруға байланысты Жолдауды насихаттау мәселелерін талқылау, насихаттау, «Мәңгілік Ел» идеясына негізделген азаматтық сәйкестікті нығайтуға бағытталған жұмыстарға Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, еңбек ардагерлерін, мемлекеттік қызметкерлердің, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар мен діни ұйымдардың және тағы басқа мекемелерден жалпы саны 500 азаматты қамти отырып, 18 іс-шара өткізді. Елбасы Жолдауын насихаттауға бағытталған тақырыптық 1000 дана материал шығарылып, таратылды.
Қоғамдық-саяси ахуал бойынша:
Қаладағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп тұрады.
Қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізудің негізгі тармақтары:
- қоғамдық-саяси ахуалдың қалыптасуына және тұрғындардың наразылығына негіз болатын жағдайлар, негізінен еңбек даулары, еңбекақы бойынша қарыздар, жұмысшылардың қысқартылуы және т.б.
- тұрғындардың ұлтаралық қатынастар, жер мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ипотекалық несие алушылар, банк секторының мәселелері, әлеуметтік-тұрмыстық, денсаулық сақтау, білім, резонансты қылмыстар, азық-түлік пен коммуналдық қызметтерге бағаның өсуі және т.б. тудыратын мәселелер.
- тіркелмеген нарызылық акциялары, митингтер мен шерулер (сонымен қатар жаппай көпшілік акциялары бойынша).
- әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау.
Қаладағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жедел штаб жұмыс істейді. Қоғамдық-саяси ахуалға қатысты жедел тәртіпте ақпарат алмасу мақсатында құқық қорғау органдарының кезекші қызметкерлерімен тұрақты қарым-қатынас орнатылған.
Мәдени-көпшілік, қоағмдық-саяси және басқа да көпшілік шаралары барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Еңбек даулары, жанжалдар, кәсіпорындардағы қиын жағдайлар туралы (еңбекақының төленбеуі, жұмыс орындарының қысқаруы және т.б.) мәліметтер түскен жоқ.
Жерді пайдалану мәселелері тұрақты түрде бақылауға алынған. Талдықорған қаласы бойынша өз беттерімен жер учаскелерін басып алу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттің қажеттілігі үшін жер учаскелерін сатып алу, сонымен қатар заңсыз құрылыс нысандары туралы мәселелер тіркелген жоқ. Әкімшілік іс-әрекеттер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.
"Жетісу су құбыры" МКҚК, "Талдықорғанжылусервис" МКҚК, аудандық электр стансасы штаттық тәртіпте қызмет атқаруда. Жұмыс барысында ауытқулар тіркелген жоқ.
Тұрғындарды жылумен, сумен, газбен және электр энергиясымен қамтамасыз ету үздіксіз жүзеге асырылуда. Тұрғындарды көмңрмен қамтамасыз ету мәселесі бақылауға алынған.
Денсаулық сақтау, білім беру мекемелері мен интернат мекемелерін коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізудің маңызды белгісі болып табылады. Қазіргі уақытта барлық әлеуметтік мекемелер коммуналдық қызметтердің барлық түрімен қамтамасыз етілген, температуралық режим қалыпты.
Сауда кәсіпорындарында бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларын жеткізу бойынша қиыншылықтар жоқ. Қаладағы наубайханалар үздіксіз жұмыс істеуде және жеткілікті мөлшерде ұндары бар. Халық тұтынатын тауарларды сататын базарлар қызмет етеді (көкөніс, жеміс, азық-түліктер). Қаланың негізгі базарлары мен ірі супермаркеттердегі бағаға мониторинг жүргізіліп тұрады. "Магнум" және "Смолл" секілді ірі супермаркеттерде негізгі тауар түрлеріне жеңілдіктер қарастырылған.
Міндетті қарыз алушылармен үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Несиелік қарыздарын қайта қаржыландыру мәселесі бойынша комиссия отырыстары өткізіліп тұрады. Екінші деңгейлі банктерге қарызы бар несие алушылардың несиелерін қайта қаржыландыру мәселесі ұсынылды. Әлеуметтік жағынан осал топтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында зейнетақы мен жәрдемақыларды уақытылы төлеу жүзеге асырылуда. Ерекше көмекті қажет ететін азаматтарға демеушілердің есебінен материалдық көмектер көрсетілуде (азық-түлік).
Талдықорған қаласында тіркелмеген жиналыстар, митингтер, шерулер мен пикеттер өткізілген жоқ.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының талаптарын орындау, Талдықорған қаласы аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің дұрыс қолданылуы мен пайдаланылуын жүзеге асыру мақсатында арнайы жұмыс тобы қызмет етеді. Жұмыс тобының құрамына ішкі саясат, стандарттау және сертификаттау бөлімдерінің, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері енгізілген. Ағымдағы жылы жұмыс тобы 18 рейдтік іс-шара ұйымдастырып, нәтижесінде қалалық мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда 48 Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, 8 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Мемлекеттік рәміздердің бейнесі бар 6 стенд ауыстырылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген патриоттық сезімді қалыптастыру мен насихаттау мақсатында "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына орай тақырыптық 99 іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары беттері мен қала әкімінің ресми сайтында тақырыптық 42 материал жарыққа шықты.
Саяси партиялармен жұмыс бойынша:
Қазіргі уақытта Талдықорған қаласында 7 саяси партия филиалы қызмет атқарады.
Саяси партиялар - қоғамның саяси жүйесінде маңызды рөл атқарады. Саяси партиялардың филиалдары Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мен насихаттау бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Саяси партиялардың мүшелері қаланың қоғамдық -саяси өміріне, қайырымдылық акцияларына белсенді түрде араласуда.
Есепті кезеңде қала аумағында тіркелген және қызмет атқаратын саяси партиялардың ішінде «Нұр Отан» партиясының облыстық және қалалық филиалдары мен Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясының Алматы облыстық комитеті белсенді жұмыс атқарып, әрбір саяси оқиға немесе мемлекеттік мерекелер қарсаңында тиісті іс-шараларын ұйымдастырып, өткізді.
«Нұр Отан» партиясының Талдықорған қалалық филиалы 2017 жылы "Болашаққа үлес қосамыз" атты акциясы аясында 267 шара ұйымдастырып, аз қамтылған отбасылардан шыққан және жетім балалар қатарынан 25 балаға көмек көрсетіп, «Халық банкі» арқылы депозиттік есеп-шот ашылып, бүгінгі күнде жалпы 3 227,135 тг (үш миллион екі жүз жиырма жеті мың жүз отыз бес тенге) салым құйылды.
2017 жылы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы 40-тан аса іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Атап айтар болсақ: "Шапағат", "Мектепке жол" акциялары, қайырымдылық шаралары аясында 58 адамға және қаланың 10 оқушысына қайырымдылық көмек көрсетті. ҚКХП қоғамдық қабылдау қызметі де белсенді жұмыс атқаруда. Есепті кезеңде 235 азамат заңгер қызметтерін алды.
Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас.
Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі туралы ережеге сәйкес бөлімнің негізгі қызметтерінің бірі - азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты жүзеге асыру болып табылады.
Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Үкіметтік емес ұйымдар туралы" заңдары незініде жүзеге асырылады.
Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінің талаптарын орындау.
2. Қоғамдық құрылымдардың өкілдерін Талдықорған қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене қатысуға тарту.
3. Әлеуметтік бағытталған үкіметтік емес ұйымдарға экономикалық қолдау көрсету.
Бірінші бағыт бойынша:
Бүгінгі күнге Талдықорған қаласы бойынша әр түрлі бағытта қызмет ететін барлығы 347 қоғамдық бірлестік тіркелген. Көрсетілген қоғамдық бірлестіктердің ішінен 300 - і қызмет етуші, ал 47-і қызметін тоқтатқан болып табылады. Қоғамдық бірлестіктердің негізгі бағыттары - гендерлік теңдік, тұрғындардың әлеуметтік-осал топтарына қолдау көрсету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, кәсіпкерлік бастамаларды дамыту, жастардың құқығын қорғау және т.б.
Екінші бағыт бойынша:
Талдықорған қаласы бойынша қоғамдық қатысудың негізгі түрлері: азаматтық қоғам өкілдерінің жергілікті деңгейдегі әр түрлі бағыттағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларының дайындалу процесіне қатысу, мемлекет тарапынан азаматтық бастамаларды ескеру және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған кеңестерге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуы.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындайтын жұмыс топтарына қатысу. Бүгінгі күні қала бойынша 35 жұмыс тобы бар.
Үкіметтік емес секторды ары қарай дамыту және олардың мемлекетпен қарым-қатынасын жетілдіру мақсатында Талдықорған қаласы әкімдігі жанынан үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас бойынша үйлестіру кеңесі құрылған. Кеңес мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың қарым-қатынас жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізіп, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға, азаматтық бастамаларды дамытуға жағдайлар жасайды.
Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Талдықорған қаласы әкімдігі жанынан құрылған кеңестердің баплығының құрамына енгізіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға белсенді түрде қатысып, жүр.
Үшінші бағыт бойынша:
Мемлекет тарапынан азаматтық қоғамды экономикалық қолдау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылады.
2016 жылдан бері жоғарыда аталған қызмет Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен мақсатты трансферт ретінде Алматы облысының ішкі саясат басқармасы арқылы қалалық ішкі саясат бөліміне 8,0 млн. теңге берілген болатын.
Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерге сәйкес тақырыптар бойынша орналастырады. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 3 лотта төмендегі тақырыптар бойынша жүзеге асырылуда. Әрбір лотқа 2,6 млн. теңгеден қаражат бөлінген болатын (НДС-сыз есептегенде 2,3 млн. теңгеден):
1-лот: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіруге және насихаттауға, «Мәңгілік Ел» идеясы негізіндегі азаматтық сәйкестікті нығайтуға бағытталған және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Символдарының 25 жылдық аясында қоғамдық – саяси шараларды өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобаны жалпы сомасы 1,6 млн. сомамен "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігі ұтып алды.
2-лот: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын алу, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндіре отырып, Талдықорған қаласында гендерлік теңдікті қамтамысыз етуге бағытталған шараларды өткізу, тұрмыстық зорлық зомбылық, адам саудасының құрбандарына және қиын жағдайға түскен азаматтарға баспана қызметін көрсету" тақырыбындағы жобаны 2,3 млн. теңгемен «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі ұтып алды.
3 - лот: «Діни экстремизмнің алдын алу, тұрғындар арасында (қала, ауыл жастары) конфессияаралық келісімді қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу» бойынша "Алматы облысының славян қозғалысы" қоғамдық бірлестігі 1,8 млн. теңгемен ұтып алды.
Әрбір лот аясында 45-тен аса іс-шара ұйымдастырылып, тақырыптық бейнероликтер шығарылып, орыс және мемлекеттік тілде 1000 дана ақпараттық және әдістемелік материалдар шығарылып, таратылып, заңгер мен психологтың көмегі көрсетілді.
Қоғамдық кеңеспен өзара қарым-қатынас бойынша:
Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының бір түрі - Талдықорған қаласының қоғамдық кеңесінің жұмысы болып табылады. "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес жергілікті уәкілетті орган 2016 жылғы 2 наурызда Талдықорған қаласының қоғамдық кеңесін құрды. Қоғамдық кеңестің құрамына 21 адам енгізілген. Олардың 14 -і үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен 7-і мемлекеттік орган қызметкерлері.
Қоғамдық кеңес құрылған уақыттан бері 17 отырыс өткізіліп, 19 мәселе қаралып, 34 қалалық қызметтердің басшыларының есебі тыңдалды.
Кеңесте 11 қалалық ұйымдар мен қызметтердің басшыларының есебі тыңдалып, 2015-2016 жылғы Талдықорған қаласының бюджетінің орындалуы, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Талдықорған қаласы ІІБ бөлімшелерінің, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Талдықорған қаласының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің жұмыстарының нәтижелері, қалалық спорт және дене шынықтыру, ауыл шаруашылығы, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің жұмыстары қаралды.
Қоғамдық кеңес отырыстарында 10 нормативтік-құықтық акті, әкімдік қаулыларының жобалары қаралып, бекітілді. Талдықорған қалалық мәслихатының 5 шешімінің жобасы қаралды.
Қоғамдық кеңестің мүшелері "Мектепке жол - 2017" акциясына белсене қатысты. Қоғамдық кеңес мүшелерінің жеке қаражаттары есебінен 1 оқушы мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
"Талдықорған ақшамы" газетінде қоғамдық кеңестің қызметіне арналған арнайы айдары ашылып, есепті кезеңде 14 материал жарық көрді.
Кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу бойынша:
Қазақстан Республикасының "Медиация туралы" Заңының 16 бабына сәйкес және Талдықорған қаласы әкімінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Талдықорған қаласы мен Өтенай және еркін ауылдық округдері аумағында кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу жөніндегі уәкілетті орандарды анықтау туралы" № 22-1076 өкімінің негізінде "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласында кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізу бойынша уәкілетті орган болып белгіленген. Қазіргі уақытта қалада 5 кәсіби емес медиатор өзінің қызметтерін ұсынуда. Аталған медиаторлардың мерзімі 2018 жылға ұзартылған.
Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыру бойынша:
Ағымдағы жылы жалпы сомасы 31,5 млн. теңгені құрайтын мемлекеттік ақпараттық тапсырыс орналастырылды. "Талдықорған ақпарат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып 293800 кв. см көлемімен жеңімпаз атанды. Талдықорған қаласы аумағында қызмет ететін бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мен насихаттау мақсатында медиа-жоспар әзірленіп, тақырыптық материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрады.
Діни бірлестіктермен жұмыс бойынша:
Талдықорған қаласының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес 2009 жылы құрылып, жұмыс істеуде. Кеңес жоспарына сәйкес, тоқсан сайын кеңес отырыстары өткізіліп тұрады. Отырыстарында қаладағы діни ахуалға қатысты мәселелер қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын жүзеге асыруға, сонымен қатар, діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауға жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді.
Бүгінгі күні Талдықорған қаласы аймағында 19 діни бірлестік өз қызметтерін атқаруда. Оның ішінде: 6 ислам мешіті, 2 орыс православ шіркеуі, 1 рим-католик, 9 протестанттық шіркеулері және 1 дәстүрлі емес діни бірлестік.
Қаладағы тіркелген 6 мешітте барлығы 6 бас имам, 10 наиб имам қызмет атқарады.
Талдықорған қаласы аумағында 6 шетел азаматы миссионерлік қызмет атқарады. Олар: 4 шетел азаматы «Қасиетті Дева Мария» атындағы Рим-католик шіркеуінде тіркелген. Италия азаматы Байно Лука, Польша азаматы Манковски Петр, Оңтүстік Корея азаматтары Ю Биенг Сук, Хан Сангсук. 2 шетел азаматы «Вефиль»Талдықорған пресвитериан шіркеуі. Оңтүстік Корея азаматтары Ким Мен Кван және Бе Ге Хва.
Қалада діни экстремизм мен терроризм көріністерін алдын алуға бағытталған, құрамында мемлекеттік мекеме басшылары, дәстүрлі діни бірлестіктердің жетекшілері, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қызметкерлері, БАҚ-ның өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени өкілдері, құқық қорғау органдары, мектеп, колледж директорларынан құралған 21 мүшесі бар ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жасауда. Ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерімен мектеп оқушылары мен колледж студенттері, әскери бөлім қызметкерлері мен кәсіпорын ұжымдарында діни экстремизм мен терроризм көріністерін алдын алуға бағытталған 80 іс-шара жүзеге асырылды. Оның ішінде 8 семинар, 9 дәріс, 4 дөңгелек үстел, 52 кездесу, 1 тәрбие сағат, 4 акция, 1 спектакль, 1 спорттық шара, 1 діни бірлестіктердің басшыларының отырысы.
Халық көп шоғырланған жерлерде деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «OPENAIR» форматында «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары» тақырыбында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді.
Экстремизм мен терроризм профилактикасы, сонымен қатар жастарды имандылыққа шақыру жұмыстарында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі орасан. 2017 жылы діни тақырыпта 70-тен аса мақала жарық көрді.
Талдықорған қаласы аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында азаматтық қоғам институттарын тарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде атқарылуда.
Аталған жобаларға 2016 жылы 1,8 млн. теңге бөлінсе, 2017 жылы 2,6 млн. теңге бөлініп, тиісті шаралар атқарылуда. Бұл лотты «Алматы облыстық славян қозғалысы» қоғамдық бірлестігі қала аумағындағы оқу орындары студенттерінің, үкіметтік емес ұйымдарының, этномәдени бірлестіктер арасында «Көпұлтты аймақтағы конфессиялар», «Қала тұрғындары арасында конфессияаралық келісімді сақтау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының және үкіметтік емес ұйымдарының рөлі», «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу және онымен күресудің әдістері» тақырыптарында кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізуде.
Мемлекеттік тапсырыс негізіндегі жоба аясында 2760 адамды қамтыған 15 іс-шара, оның ішінде 10 кездесу, 5 дөңгелек үстел өткізілді.
Христиан бағытындағы діни ғибадатханаларға ескерту парақшалары таратылып, мешіттерде әр жұма сайын ҰҚК қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерімен бірлескен зерделеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Қалалық афишаларға «Сенім телефоны» ілінді.
Жоғарыда аталған қызметтер туралы қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында оқу орындарында, мектептерде, адамдар көп шоғырланатын жерлерде, қоғамдық көліктерде 3000 дана ақпараттық материалдар ілініп, қала көшелеріне 2 бильборд орнатылды. Орталық алаңдағы монитордан 22 тақырыптық бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.
2014 жылғы 19 қыркүйектегі №337 қаулысымен «Әлемді» сауда үйінде діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы белгіленген.
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттарының бірі деструктивтік діни ағымдардың жетегінде жүрген азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. 2017 жылдың басында «Салафизм» ағымында жүрген 85 адам, «Таблиғи жамағат» ДЭҰ-ның 21 азаматы тіркелген.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының Талдықорған қаласы бойынша дінтанушы маманын шақырта отырып, ағымдағы жылдың 8 айында «Салафизм» ағымын ұстанатын 49 азаматымен, «Таблиғи жамағат» ДЭҰ-ның 6 азаматымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі күні Талдықорған қаласының аймағында «Салафизм» ағымында жүрген 36 азамат, «Таблиғи жамағат» ДЭҰ-ның 15 азаматы тіркелген.
Бүгінгі таңда жоғарыда аталған діни ағымдардың көзқарасын ұстанатын азаматтар туралы дерек қорын жинақтау үшін учаскелік инспекторларға тапсырма беріліп, олармен кездесулер жалғасуда.
Гендерлік теңдікті жүзеге асыру бойынша:
Талдықорған қаласы әкімдігі жанында 2008 жылдан бастап Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыс атқаруда. Комиссия құрамына: саяси партия өкілдері, Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы, денсаулық, білім мекемелері, депутаттар, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен 13 адам енгізілген.
Комиссия өзінің жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамалары мен ұстанымдарына, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік Стратегиясына және бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді.
Аталған нормалар Талдықорған қаласында толығымен орындалуда. Әйел азаматтардың еңбек қатынастарын реттейтін заңнама талаптарын орындауды қадағалау мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайынғы еңбек, жүктілік пен бала тууына, сонымен қатар бала күтіміне байланысты демалыстар уақытылы беріліп тұрады.
Балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша жүктілікке байланысты 2017 жылы 2149 анаға 626,2 млн. теңге, 2016 жылы 1949 анаға - 514 млн. 900 мың теңге жәрдемақы төленді. Бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне 2017 жылы - 3546 анаға 921,1 млн. теңге 2016 жылы 1415 анаға 819,1 млн. теңге жәрдемақы төленді. Жұмыс істейтін әйелдердің зейнетақы жинақтарының барабар мөлшерін қамтамасыз ету мақсатында бала күтімі жөніндегі әлеуметтік төлемдерді алушыларға 2014 жылдан бастап міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген.
Балалардың отбасында тәрбиеленуіне жәрдем көрсету, бала асырап алушылар мен тәрбиелеушілерді материалдық ынталандыру мақсатында жетім балаларды асырап алушы азаматтарға біржолғы төлемдер, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырау үшін қорғаншыларға немесе қамқоршыларға арналған жәрдемақы, патронаттық тәрбиелеушілерге төлемдер беріледі. Ағымдағы жылы аталған әлеуметтік көмек түрі бойынша 11 жетім балаларды асырап алушы азаматтарға 1,8 млн. теңге, 2016 жылы бұл көрсеткіш 1,7 млн. мың теңге төлемдер төленді.
Жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қорғаншыларға арналған жәрдемақы 53,4 млн мың теңге төленді.
Ағымдағы жылы аз қамтылған 108 отбасына 16,3 млн. теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. 18 жасқа дейін балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 3215 балаға 53,7 млн. теңге жәрдемақы төленді.
Ағымдағы жылы 85 отбасына «Өрлеу» жобасы бойынша 19,3 млн. теңге көмек көрсетілді. Тұрғын үй көмегі 862 отбасына 22,9 млн. теңге мөлшерінде төленді.
2017 жылы 1561 көп балалы анаға - 176,2 млн.теңге жәрдемақы төленді (2016 жылы 1380 көп балалы анаға - 145,2 млн. теңге).
Қаламызда жылдан жылға «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған аналардың саны артуда. Ағымдағы жылы 1561 әйел 247,6 млн. теңге, жәрдемақы алды (2016 жылы 1415 анаға 230,5 млн. теңге).
Мүгедектігі, әлеуметтік-маңызды аурулары, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан, зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынас құрбаны болған мүшелері бар отбасылар, жалғыз басты қарт адамдар тегін медициналық-әлеуметтік, құқықтық және әлеуметтік-психологиялық қызметтерге қол жеткізді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдануда. Талдықорған қаласының ішкі істер басқармасында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы бөлімше құрылып, әйелдердің құқығын қорғау бойынша инспектордың штаттық лауазымы қарастырылып, ювенальды полиция қызмет етеді. Жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел азаматтардың өздерін қорғауға байланысты қолданылған нұсқаулықтардың саны артуда. Барлығы 2017 жылы 340 нұсқаулық. «Участок», «Стоп трафик» және т.б. өткізіліп жүрген жедел-алдын алу шаралары аясында көмекке зәру азаматтар анықталуда.
Қалада 2 кризистік орталық қызмет етеді. 1. Жанында баспанасы бар «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі. 2. «Аналар үйі». Аталған орталықта өз отбасында жапа шеккен, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға тегін әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылы орталыққа 629 адам жүгінген. Соның ішінде психолог қызметі 63 әйелге, заңгерге көмегі 71 әйелге, уақытша баспана қызметімен 44 әйелге ұсынылды.
Жыл сайын ақпараттық-ағартушылық мақсатта «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі.
Осы жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдарды тарту мақсатында жыл сайын 2,3 млн. теңгеге мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс орналастырылады. Аталған лот аясында «Сенім телефоны» қызмет етеді. Сонымен қатар, «Гендерлік теңдікті», отбасылық және гендерлік саясат Концепциясының негізгі ережелерін түсіндіру тақырыптарында 15 ақпараттық-кампания өткізілді.
Гендерлік саясатты жүзеге асыру аясында төмендегідей шаралар қабылданды:
2016 жылы биліктің сайланбалы органдарында әйелдердің саны артты. Атап айтар болсақ, Талдықорған қалалық мәслихатында 15 депутаттың 4-і әйел азамат болып, 27 пайызды құрап отыр. Алдыңғы шақырылымда 3 депутат әйел болған.
Қала бойынша барлық әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер саны 156 олардың ішінде 71-і әйел азамат (45 %).
Бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың қаламыздың қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі зор. Жалпы соңғы 5 жылда гендерлік саясат саласында 7 әлеуметтік жоба іске асырылды. Барлығы қалада 124 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды, оның 38-і тікелей немесе жанама түрде отбасы мен бала тәрбиесіне қатысты мәселелеріне қатысты жұмыс істейді.
Этномәдени орталықтармен жұмыс:
Талдықорған қаласында 23 этномәдени орталықтар жұмыс жасайды. Бұл этномәдени орталықтар «Достық Үйі» ғимаратында орналасқан. Қаладағы этносаралық тұрақтылықты сақтау барысында қала әкімдігі және этномәдени орталықтар бірге ауқымды іс-шаралар өткізіп тұрады. Атап айтар болсақ, 7 қаңтарда орыс халқының «Рождество Христово» мерекесі, «Достық үйінің» маңайында славян халқының «Масленица» ұлттық мерекесі, 1 мамыр Халықтар Достығы мерекесі, маусым айында татар халқының ұлттық мерекесі «Сабантой», корей халқының ұлттық мерекесі «Авальтано» ауқымды түрде тойланып тұрады.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша:
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласын, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының басшысы Ә.Жақсыбековтың "Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын", Алматы облысы әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы бекіткен "Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде Алматы облысы бойынша іс-шаралар жоспарын" орындау мақсатында Талдықорған қаласы әкімі аппараты тиісті жұмыстар атқаруда.
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде Талдықорған қаласы бойынша іс-шаралар жоспары және жобалар тізілімі дайындалып, бекітілді. Іс-шаралар жоспарында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының негізгі бағыттары қамтылған.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының кіші бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған жобалар тізілімінде жалпы сомасы 145,7 млн. теңгені құраған 37 жоба қамтылды. Атап айтар болсақ:
"Атамекен" (11 жоба);
"Тәрбие және білім" (10 жоба);
"Рухани қазына" (10 жоба);
"Ақпарат толқыны" (6 жоба).
Қазіргі уақытта "Рухани жаңғыру" бағдарламасының кіші бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған жобалар тізілімі 2017 және 2018 жылдарға кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта:
"Тәрбие және білім" кіші бағдарламасына 3 жоба;
"Рухани қазына" кіші бағдарламасна 1 жоба қосылды.
Жалпы 2017 жылғы сәуір айынан бастап "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі кіші бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша 800-ге жуық ірілі-ұсақты іс-шара өткізіліп, 24 жоба жүзеге асырылып, 63 мыңнан аса қала тұрғындары, оның ішінде мектеп оқушылары, мұғалімдер, студент жастар, ардагерлер, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қамтылды.
«Жергiлiктi бастамалар картасы» базалық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар:
- үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап «Өзекті мәселелер» жобасы жүзеге асырылуда. Осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен 62,0 млн. теңге бөлінді, қала тұрғындарының ерекше өткір және әлеуметтік маңызды мәселелерін анықтау және оларды тез арада шешу үшін әлеуметтік желілердегі азаматтардың өтініштерін жинау және өңдеу үшін компьютерлік бағдарлама сатып алынып, орнатылды. Жобаның басынан бері 223 өтініш келіп түсті, оның ішінде 223 оң шешімін тапты. Олардың ішінде 16-сы әлеуметтік маңызды мәселе болып анықталды.
- Орталық жүйке жүйесінің түрлі ауруларымен ауыратын (ДЦП) мүмкінгігі шектеулі балаларға арналған иппотерапия жобасы жүзеге асырылуда. Жоба жеке кәсіпкер Барлыбаев Бауыржанның демеушілігімен жүзеге асырылуда. Сал ауруымен ауыратын 10 балаға сабақ апта сайын бейсенбі күндері Еркін ауылындағы «Ерасыл» шаруа қожалығының аумағында жаттықтырушы тарапынан тегін өтеді. Жобаның құны - 2,5 млн. теңге.
6 қазанда «Талдықорған Инвест-2017» халықаралық инвестициялық форумы өтті.
Іс-шараға Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Германия және Ресейден 70 компания өкілдері қатысты. Форумның аясында Талдықорған қаласының инвестициялық әлеуеті туралы баяндаған бейнефильм көрсетілді.
Форум экономиканың нақты секторына инвестициялар тарту, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік және коммерциялық нысандардың құрылысы, мемлекеттік – жеке меншік әріптестік бойынша өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
Форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы 10,5 млрд. теңгеге 5 жоба бойынша меморандумдарға қол қойылды. Бұл негізінен соя, жүн және ет өңдеу бойынша зауыттарды салу жобалар.
- «Ер Қанаты-ат» тақырыбында ат спортын жастарға үйрету мен ұлттық спорт түрін насихаттау мақсатында 10 жасөспірімді оқыту жобасы іске асыру басталады. Жоба жеке кәсіпкер Барлыбаев Бауыржанның демеушілігімен жүзеге асырылады. Әр сенбі сайын 10 балаға арналған сабақтарды Еркін ауылында «Ерасыл» шаруа қожалығының аумағында жаттықтырушы өткізеді. Жобаның құны - 1,0 млн. теңге.
"Ақпараттық сүйемелдеу" базалық жобасы шеңберінде ағымдағы жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға бөлінген қаражат есебінен "Талдықорған ақшамы" газетінде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" тақырыбында арнайы қосымша бет ашылып, 151 материал жарық көрді. Бұл мақсатқа ағымдағы жылғы қараша айында қосымша 4 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Талдықорған-туған жерім» және «Талдықорған қаласының тарихы» тақырыбында онлайн-эссе байқаулары өткізіліп, 150 бала қамтылды.
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын ақпараттық ілгерілету мақсатында қаланың қоғамдық орындарында 17 бильборд, 1 панно және 6 аспалы қондырғы орнатылды.
Орталық алаңда және «Жастар» саябағында орнатылған лэд экрандарында 3 бейнероликтер көрсетілуде.
Қоғамдық сананы жаңғырту жоспарын жүзеге асыру қатаң бақылауда.
Ағымдағы жылғы 16 қарашада Баспа үйінде әлеуметтік желіде жұмыс істеу дағдысын үйрету, өзекті тақырыпты қалыптастыру, әр түрлі тақырыптарды жарықтандыру, желіні қолданушыларды тұрғындардың өзекті мәселелеріне назар аударту мақсатында жас блогерлермен шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шеберлік сағатын Алматы қаласынан арнайы шақырылған Бақытжан Бұқарбай жүргізді. Шеберлік сағаты шеңберінде 30-дан аса жас блогерлер қамтылды.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар:
«Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан аса маңызды әлеуметтік жобалар қатарына жалпы сомасы 957,9 млн. теңгені құрайтын 14 жоба енгізілді.
Қазіргі уақытта көрсетілгендердің ішінен жалпы сомасы 43,1 млн. теңгені құрайтын 8 жоба аяқталды. Олар:
Талдықорған қаласының 8 көшесінің бетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу (тас төсеу) (Амангелді, Кутузов, Ақбастау, Бейбітшілік, Берентаев, Горький, Есетов көшелері, «Шайқорған» саяжай қауымдастығындағы кіреберіс көшеге). Жол бетіне тас төсеу жөніндегі жұмыстарды «Гордорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды. Басшысы – Ивкин Валерий Викторович. Жалпы сомасы - 14,1 млн. теңге.
Қаланың 6 көшесіне және Қадырғали Жалаири ескерткішінің аумағына жалпы сомасы 1,8 млн. теңгені құрайтын жарықтандыру құралдарын орнату (Тольятти көшесі мен «Жастар-2» жаңа тұрғын үй массивінің 5 көшесі).
Еркін ауылының тұрғыны, жеке азамат Жармұғанбетова Гүлғайшаның жеке 650 мың теңге қаражаты есебінен Еркін ауылындағы №26 орта мектептен «Дзюдо» спорт үйірмесін ашу мақсатында жуыну бөлмесі жабдықталып, 700 мың теңге татами, 200 мың теңгеге спорттық бұйымдар алдынды. Жалпы сомасы аталған жобаға 1,5 млн. теңге жұмсалды.
Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайына жеке орындаудағы дизайнерлік шам (люстра) алу және орнату жұмыстары. Аталған жобаны «Kazstroycompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды. Басшы - Тұрсұнжанов Әділжан Тұрсұнжанұлы. Сатып алу және орнату сомасы -11,0 млн. теңге.
  1. «Kazstroycompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер Талдықорған қаласында Айтықов көшесі бойындағы №26 үйдің ауласында балаларға арналған әмбебап ойын алаңының құрылысын аяқтады. Жобаның жалпы сомасы - 5,6 млн. тенге.
  2. «Kazstroycompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер Талдықорған қаласында Чкалов көшесі бойындағы ауласында балаларға арналған әмбебап ойын алаңының құрылысын аяқтады. Жобаның жалпы сомасы - 1,8 млн. тенге.
  3. Талдықорған қаласындағы «Ғарышкер» шағын ауданында «Кросс-фит» спорт аланының құрылыс жұмыстары аяқталып, үстіміздегі жылдың 17 қарашасында салтанатты түрде ашылды. Бұл жобаны жүзеге асырып отырған. «Стритворкаут» республикалық федерациясы. Жобаның жалпы сомасы – 5,6 млн. тенге.
  4. Сонымен қатар, жоғарыда аталған алаңды құру үшін 400 шаршы метр көлемінде арнайы алаңға асфальт төселінді. Бұл жобаны жүзеге асырған «Гордорстрой» ЖШС-сі. Жалпы құны – 1,7 млн. теңге.
 
Жалпы 8 жоба 43,1 млн. теңгеге жүзеге асырылды.
Жүзеге асырылып жатқан бір жоба – 0,8 млн. теңге:
  1. «Ашура» жекеменшік балабақшасында 3 пен 6 жас аралығындағы 20 бүлдіршін үшін бір топ ашылды. Бұл топқа көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың балалары тегін қабылданады. Балалардың балабақшадағы шығындарын (тамағы, коммуналдық шығындары, материалдық заттары және т.б.) толық жеке кәсіпкер өз есебінен төлеп отыр. Жобаны жүзеге асырушы – «New format» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жетекшісі – Керимбекова Гүлнәр Сажанқызы. Ай сайынғы жұмсалатын сомасы 800 мың теңге. Жобаның жылдық құны – 8,8 млн. теңге.
 
Жоспарланған жобалар:
  1.  
«Ашура» жекеменшік балабақшасында 3 пен 6 жас аралығындағы 20 бүлдіршін үшін күндізгі бір топтың тегін қабылдау жобасының жалғастырылуы.
Жүзеге асырылуы мерзімі
2017 – 2018 жылдар
Жобаның басталған мерзімі -
2017 жылғы қараша
Жобаның жалпы жылдық құны – 8,8 млн. теңге
 
Керимбекова Гульнар
Саржанқызы
8,8 млн. теңге
2.
«Ғарышкер» шағын ауданындағы «Стритворкаут» әмбебап спорт аула алаңына тартанды жабын орнату
400 шаршы метр
 
Демеушілер іздестірілуде
4,8 млн. теңге
3.
Талдықорған қаласындағы Ескелді би және Қойшыбаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Арлен» балабақшасының маңындағы көлік тұрағының бетіне және осы балабақшаға келетін жолға жөндеу жұмыстары (тас төсеу)
 
«ДСУ-13» ЖШС
Ишмурадов Умед
0,9 млн. теңге
4.
Ойын және спорт алаңдарын орнату арқылы тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша «100 жаңа аула» жобасы
 
Меценаттар
600,0 млн. теңге
5.
Қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде 2000 орынды мешіттің құрылысы
Демеушілер
300,0 млн. теңге
Барлығы – 914,0 млн. теңге
Бралығы - 957,0 млн. теңге



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.