Сенбі, 21 Сәуір 2018
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Қызметтері мен мақсаттары

Қызметтері:

1. қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын, басымдықтарын және негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2. әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара қарым-қатынаста бюджеттік және инвестициялық саясатты іске асыру;
3. өңірлік дамыту саласындағы саясатты жүзеге асыру

Мақсаттары

1. қала аумағын дамыту бағдарламасын және оның жүзеге асырылуы бойынша іс-шаралар жоспарын бойынша әзірлеу, түзету, мониторинг жүргізу;

2. қала аумағын дамыту бағдарламасын және оның жүзеге асырылуы бойынша іс-шаралар жоспарын келісу;

3. құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын жүзеге асыру, мониторинг жүргізу;

4. қаланың әлеуметтік-экономикалық даму серпіні мен деңгейіне талдау жүргізу;

5. жергілікті бюджетке түсетін табыс көздерінің көлемін қаланың табыс көздері кесіндісінде болжау;

6. қалалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жүзеге асырылуына ұсынылатын мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттік қатысуы арқылы жүзеге асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға  экономикалық қорытынды қарастыру және қалыптастыру;

7. бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарау;

8. бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қолжетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау;

9. бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберу;

10. облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражаттарын жұмсаудың басым бағыттары, бюджеттің жоспарлы кезеңге арналған тапшылығы көлемі негізінде жаңа бастамаларға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындары лимиттерін, жергілікті бюджет лимиттерін анықтау;

11. ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

12. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де фунцияларды жүзеге асыру.




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.