Сәрсенбі, 24 Қазан 2018
Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы, "Талдықорған" индустриялық аймағының бос алаңдары, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен ұштастырылған қолайлы су және экологиялық жағдайлары бар.

Ақпарат

Қала әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері бойынша барлық сұрақтармен «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» ММ мамандандырылған мемлекеттік қызметкерінен төмендегі көрсетілген мәліметтер арқылы біле аласыз:
Ұйымдастыру бөлімі: 24-72-69, 24-73-54, 24-73-25
 
Талдықорған қаласы әкімінің 2018 жылғы есеп беру кездесулерінде айтылған Талдықорған қаласы тұрғындарының ұсыныстары мен ескертпелерінің 2018 жылғы 1 қазанына орындалу барысы туралы ақпарат:
 
р/с
Ұсыныстар мен ескертепелердің мазмұны
Ұсыныстар мен ескертпелер бойынша атқарылған жұмыстар
  1.  
«Үйтас» саяжай қоғамының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы
2017 жылы «Геодезия Сервис» ЖШС- мен «Үйтас» саяжай қоғамын сумен жабдықтау бойынша жоба өңделіп, 2018 жылы сараптаманың оң қорытындысы алынды. «Үйтас» саяжай қоғамының жалпы көлемі -  261,1 га, оның ішінде құрылысы салынған аумақ - 16,76 га,  учаскелер саны – 2026, тұрғындар саны -  6078.
2018 жылғы 28 тамызында  «Талдықорған қаласының ТҮКШ бөлімі» ММ-мен «Талдықорған қаласындағы «Үйтас» саяжай қоғамын сумен жабдықтау» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Қазіргі уақытта өтінімдерді қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сомасы 948,4 млн. теңге (ҚҚС қоспағанда). 2018 жылғы 5 қазанында алдын ала қорытындысы  шығарылады.
 
 
 
 



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.