Сейсенбі, 19 Маусым 2018
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Еңбекпен қамту

«Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының үш бағытын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Бағдарламаның мақсаты: Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

1 бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

2 бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту

3 бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Бірінші бағыт бойынша 3-5 айлық қайта даярлау курстарында жұмысшы мамандықтары бойынша жұмыссыз, өзін-өщзі жұмыспен қамтыған азаматтарды айына 16 759 тенге шәкіртақы төлеп оқытамыз.

Екінші бағыт бойынша: Жұмыссыз және өзін- өзі жұмыспен қамтыған азматтарға жаппай кәсіпкерлікпен айналысуға, өз істерін ашуға 6%

18,0 млн.тенге дейін несие алу қарастырылған.

Үшінші бағыт бойынша: 1). Жоғары және орта оқу орындарын бітірген жас түлектерді жастар тәжірибесі арқылы өтіп тәжірибе жинақтау үшін, қала кәсіпорындары мен мекемелеріне жолдама арқылы жіберіліп, жалақысы субсидияланады.

2) Жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатарынан әлеуметтік жұмыс орындарына, жалақысы субсидиялану арқылы жолдама беріледі.

3) Жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмыстарға жолдама арқылы жіберіледі.


«Талдықорған  қаласының   жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және   азаматтық хал  актілерін  тіркеу бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің атқарған    жұмыстары  туралы  ақпарат

        Қала халқының саны 172,1 мың адамды құрады. 

        «Талдықорған  қаласының жұмыспен  қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық хал  актілерін  тіркеу  бөлімі» мемлекеттік   мекемесі және   «Алматы  облысы Талдықорған қаласы  әкімдігінің халықты  жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік  мекемелеріне 2018 жылдың 29 қаңтарына 475 жұмыссыз азаматтар хабарласты. Осы  хабарласқан  азаматтардың  ішінен 201 адам  тұрақты  жұмыспен   қамтылды.  Жұмысқа  орналастырылғандар деңгейі  42,0 %.

        Экономикалық белсенді  тобының ішіндегі тіркелген  жұмыссыздық  деңгейі 0,1 пайызды  құрады.      

        Экономикалық белсенді тобының ішіндегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайыз.

        2018 жылға 3092  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу жоспарланды, бүгінгі күнге 55 жаңа жұмыс орындары ашылды.  

        2018 жылға қоғамдық  жұмысқа 1300 адамды жолдамамен  жіберу жоспарланған, бүгінгі күнге 155 жұмыссыз азаматтар жолдамамен  жіберілді, оның ішінде  ҚБ «Ерлік»-9 адам,    «Қазақ соқырлар  қоғамы»  ҚБ - 7 адам, «Байтерек» ҚБ - 12 адам, «Корпоративтік  фонд  Қазақ  соқырлар  қоғамында» - 5 адам.

        2018 жылдың 1 ақпанына   18 мүмкіндігі  шектеулі  азаматтар хабарласты, оның   ішінен  11  адам    қоғамдық   жұмыстарға    жолдамамен  жіберілді.

        Қала   аумағындағы  жартылай  немесе толық   тоқтатылған кәсіпорындар, олардан   жұмыскерлерді қысқарту, ақысыз  демалысқа   жіберу  туралы мәліметтер  бойынша    мониторинг  жүргізіліп  Алматы  облысының   жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  және   әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасына   жолданылуда.


Мекен-жайымыз: Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі №77/1 н/е Тәуелсідік 35 А

Телефондар: 8-(7282) 41-06-49; 41-01-83; 41-07-62, 24-29-13;




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.