Сәрсенбі, 24 Қазан 2018
Қалалық және ауылдық көше-жол желісін жалпы ұзындығы 427,9 км., оның ішінде 77% қала көшелері және 23% ауылдық елді мекен.

Әлеуметтік көмек

Мемлекеттік қызметті Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 35 а үйде орналасқан «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.


«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңына сәйкес тағайындалады.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет), оралмандар үшін – оралман куәлігі;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді көшірме;
3) балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін немесе бала асырап алғанын растайтын құжат;
4) құжаттардың түпнұсқалары негізінде толтырылған отбасы құрамы туралы мәліметтер;
5) отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер, оның ішінде өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер және жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер;
6) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (некені бұзу) туралы куәлік.


«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес тағайындалады.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер;
4) жеке қосалқы шаруашылықтың бар-жоғы туралы мәліметтер;
5) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы);


«Талдықорған  қаласының   жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және   азаматтық хал  актілерін  тіркеу бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің атқарған    жұмыстары  туралы  ақпарат

Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдау ретінде  мемлекет тарапынан  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып отыр.          2018 жылдың 1 ақпанына 2956  отбасы мүшелері бар, 657  аз қамтылған отбасына  мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмекке құжаттар қабылданды.  

2018  жылдың 1 ақпанына  тұрғын үй көмегімен  312  отбасы, оның ішінде 523  отбасы мүшелерімен   5,2  млн. теңге сомасында қамтамасыз етілді.  

Талдықорған қаласындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асыруда, әлеуметтік инфрақұрылым мекемелерде мүгедектерге арналған пандустар орнатылды.  Қазіргі таңда салынып, қолданысқа беріліп жатқан ғимараттардың барлығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз кіріп-шығуына пандустар салынған. Қалада әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына пандустар құру, қайта құру  жұмыстары атқарылуда.

Қала    бойынша   мүмкіндігі шектеулі    азаматтарды тасмалдау        үшін 2  «Инватакси»   қызметі  жұмыс жасайды, 6 арнайы автокөлік мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасмалдайды.  «Инватакси» диспечерлік қызметі күніне 65-70 адам, айына 1400 адамға дейін қабылдайды.  

1995 жылдың 28 сәуіріндегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне үнемі әлеуметтік көмектер көрсетіліп тұрады.

Қалалық мәслихат шешімімен бекітілген  «Талдықорған     қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»  негізінде  32 Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне 3,9 млн. теңге бөлініп  ай сайын 7215 теңге жеңілдіктер  төленеді.         

Әлеуметтік көмек  көрсету бөлімшесінде қазіргі таңда 272 адам тіркеуге  алынып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.  Қызмет көрсетілетін адамдар ішінде 1 адам Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен  ардагерлері, 105 адам  тылда еңбек еткендер, 17 адам 1,2 топ  мүгедегі, Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтыс болғандардың жесірлері 9 адам, 140 зейнеткерлер бар.

 Үйден  арнаулы  әлеуметтік көмек  көрсету бөлімшелерінде мүмкіндігі шектеулі 85 балаға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық, әлеуметтік экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік еңбек қызметтің  түрлері көрсетіледі.




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.