Жұма, 17 Тамыз 2018
Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы, "Талдықорған" индустриялық аймағының бос алаңдары, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен ұштастырылған қолайлы су және экологиялық жағдайлары бар.

Зейнетақы төлеу

 

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

 

Бүгін біз Сіздердің назарларыңызға 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін заң актілеріне енгізілген  өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпаратты ұсынамыз:

1. Маңызды өзгерістердің бірі, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап  базалық зейнетақы тағайындау методикасының өзгеруі, яғни зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады.

Қазіргі уақытта барлық зейнеткерлер еңбек өтіліне қарамастан базалық зейнетақыны төменгі күн көріс деңгейінің 54% - 14466 теңге мөлшерінде алады.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы:

1) Азаматтар жалпы зейнеткерлік жасына жеткен кезінде ғана (63- ер адамдар, 58,6/63- әйел адамдар);

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес біз көп балалы аналарға 53 жасқа толғанда ынтымақты және базалық зейнетақы да тағайындайтын болсақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 53 жаста тек ынтымақты зейнетақы тағайындаймыз, базалық зейнетақы кейін төленетін болады.

2) зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты;

Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі келесідей болады:

Егер азамат жұмыс істесе және БЖЗҚ-на тек 10 жыл бойы аударымдар жүргізсе немесе мүлдем жұмыс жасамаса, онда оған біз төменгі күн көріс деңгейінің 54% мөлшерінде базалық зейнетақы тағайындаймыз, бұл бүгінгі базалық зейнетақы мөлшеріне тең. Бұндай жағдайда азамат қосымша ақы алмайды.

10 жылдан асқан әр 1 жыл еңбек өтілі үшін базалық зейнетақы 2% ұлғаяды. Мысалы, 20 жыл еңбек етсе базалық зейнетақы төменгі күн көріс деңгейінің 74%, 30 жыл еңбек етсе базалық зейнетақы төменгі күн көріс деңгейінің 94% құрайтын болады. Сонымен қатар, заң бойынша 33 жыл немесе одан да көп жыл еңбек етсе базалық зейнетақының мөлшері төменгі күн көріс деңгейінің 100% құрайтын болады.

2. Қолданыстағы ережеге сәйкес, мүгедек-баланы тәрбиелеуші ата-аналарға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, тек бала 18 жасқа толғанға дейінғана, айлық жалақының 1,05 көлемінде төленеді (2018 жылы 29 699 теңге).

Аталған төлем 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы тәрбиелеу кезеңіне қажетті қосымша көмек ретінде ендірілген, яғни балаға білім беру, оның осы кезеңде физикалық тұрғыдан жедел дамуына байланысты тамақтандыру, киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін ата-анасының шығынының өсуіне байланысты.

Дегенмен, мүгедек-бала кәмелеттік жасқа жеткенімен ол ата-анасының көмегіне мұқтаж болып қала беретінін ескерген жөн.

Осыған байланысты, Елбасы өзінің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауында Үкіметкекәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы төлемін 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ендіруді тапсырды. Қарастырылып отырған жәрдемақының осы түрін шамамен 392 отбасы алатын болады.

 




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.