Сенбі, 18 Тамыз 2018
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Қаланың 2017 жылдың I жартыжылдығындағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
және II жартыжылдыққа міндеттері туралы анықтама

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық қорытындыларының талдауы қала экономикасы бойынша өсімнің оң үрдісі сақталғанын көрсетеді.

Өнеркәсіп өнімін шығару көлемі 31,5 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 138,0%.

Өңірлік индустриаландыру картасы бойынша жүзеге асырылған 4 жобаның ішінде «Қайнар АКБ» ЖШС - 2,5 мың АКБ, «Алматы бояулары» ЖШС – 887 тонна бояу өнімдерін, «JLC Сүт» ЖШС – 6300 тонна сүт өнімдерін, тұрғын үй құрылыс құрылымдары цехы «Темірбетон» ЖШС - 1790 тонна шығарылды.

45 жаңа жұмыс орнымен 2 жұмыс істейтін өндірістер кеңейтілді.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 4,3 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 103,1%.

Мал шаруашылығында құстарды есепке алмағанда, малдың барлық түрінің басы кеміді. Ет, сүт, жұмыртқа өндірісі артты.

Барлық егін жұмыстары белгіленген мерзімде орындалды.

Қалада 1000 бас ірі қара малға арналған барлығы 6 бордақылау алаңы жұмыс істейді, олардың тек қана 18,3% толтырылған.

Жыл басынан бері ветеринарлық алдын-алу шаралардың нәтижесінде бруцеллезге оң әрекет еткен 1 бас ірі қара мал анықталып, санитарлық жою жүргізлді.

Шағын және орта бизнес саласында 30,6%-ға өсіммен 26,1 мың адам жұмыс істейді, жұмыстар мен қызметтер көрсету көлемі – 32,6 млрд.теңге немесе сәйкесінше 30,6%, бюджетке төлемдер – 1,8 есеге өсті және 6,2 млрд.теңгені құрады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 24,2 млрд.теңгені құрады немесе 2016 жылдың деңгейіне салыстырмалы бағада 120,3%.

Есепті кезеңде 247 жаңа жұмыс орнымен 12 жаңа нысан ашылды, соның ішінде 1 ойын-сауық кешені, 3 мейрамхана, 1 сауда үйі, 1 қонақ үй, 2 көлік жуу нысаны және т.б. Нәтижесінде 247 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Қала экономикасына барлық қаражат есебінен салынған инвестиция көлемі 20,3 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 84,3%, соның ішінде бюджеттен тыс қаражаттар есебінен – 14,4 млрд.теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 32,4%-ға жоғары.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 10,5 млрд.теңгені құрады, тұтыну бағалар индексі есебімен өсу қарқыны – 127,0%.

15,7 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, 2016 жылдың деңгейінен 78,9% төмен, оның ішінде халықтың қаражаты есебінен – 1,8 мың шаршы метр.

Ағымдағы жылы Оңтүстік-Батыс шағын ауданында жалпы алаңы 10,9 мың шаршы метрді құрайтын 168 пәтерлі коммунадық үй қолданысқа берілді, сонымен қатар 797 пәтерлі жалпы алаңы 57,0 мың шаршы метр 8 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қаратал шағын ауданында алаңы 3,0 мың шаршы метрді құрайтын 10 пәтерлі жекеменшік қаржы есебінен салынған үй қолданысқа берілді.

ЭтноАуыл, Көрме кешені, Салтанат Сарайы, Драма театрдың құрылыстары жалғасуда.

Қаланы абаттандыруға барлығы 754,0 млн.тенге бағытталды.

2017 жылға жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 3063,5 млн.теңге бөлінді.

Құрылыспен жалпы сомасы 521,7 млн.теңгені құрайтын 3,1 шақырым, орташа жөндеумен – 14,2 шақырым 1114,2 млн.теңгеге, күрделі жөндеумен – 12,2 шақырым 689,9 млн.теңгеге, ағымдағы жөндеумен 33,8 мың шаршы метр 360,2 млн.теңгеге автокөлік жолдары қамтылады.

Ағымдағы жылдың басынан жолаушылар көлігімен тасымалдау 10,1%-ға, жүк тасымалдау 1,6%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың шілде айында жүк тасымалдаушы кәсіпорынмен («TRANSTAL» ЖШС) жалпы құны 70,0 млн.теңгені құрайтын 5 автобус сатып алынды.

Оңтүстік-Батыс шағын ауданындағы жолдарды салу, Абай, Белова, Біржан сал, Сланов, Рақышев көшесі және т.б көшелерді күрделі жөндеу жалғасуда.

Бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы 108,5%-ға орындалды, бюджетке нақты 16,8 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке –6,8 млрд.теңге немесе сәйкесінше 120,0%.

Бюджетке мезгілінде төленбеген берешек жыл басынан 602,3 млн.теңгеге өсіп, 1088,7 млн.теңгені құрады (01.01.2017ж. – 486,4 млн.теңге).

Жыл басынан бері Ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттың шешімімен қарыз сомасы 64,9 млн.теңгені құрайтын 4 салық төлеуші банкрот болып танылды.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,8% орындалды, болжамы 13466,2 млн.теңгені құрайтын, нақты 13436,9 млн.теңге игерілді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бірінші бағыт бойынша қайта даярлауға 370 адам жіберілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесіне 124 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 47 адам, қоғамдық жұмыстарға – 689 адам жіберілді.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу сұрағымен 2985 адам жүгінді, оның 1298 жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасу деңгейі 43,5% құрады.

2017 жылдың 1 шілдеге жұмыспен қамту органдарында 830 жұмыссыз тіркелді, бұл өткен жылдың деңгейінен 188 адамға немесе 29,3%-ға артық.

Тұрғын-үй субсидиясын алушылар 10,5%-ға, мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар саны – 9,8%-ға төмендеді, сонымен қатар балалар жәрдемақысын алушылар саны 7,4%-ға ұлғайды.

Есепті кезеңде 50 орынға арналған жекеменшік балабақша жұмыс істей бастады, сонымен қатар ағымдағы жылдың шілде айында 50 орынға арналған балабақша ашылды.

Балабақшалар мен шағын орталықтарда жалпы сомасы 1036,4 млн.теңгеге мемлекеттік білім тапсырысы орналастырылды.

3-тен 6-жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 92,5% құрады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 978 түлек немесе олардың жалпы санынан 72,5% қатысты, орташа балл 84,3 құрады, облыстық орташа көрсеткіш – 80,0%.

Осы жылы Оңтүстік-Батыс және Солтүстік-Батыс тұрғын аудандарда әрқайсысы 1200 орынды екі мектептің құрылысы басталды.

Жалпы сомасы 713,0 млн.теңгені құрайтын 2 мектепте (№10, Қазақ-түрік лицейі) және №45 балабақшада күрделі жөндеу жалғасуда.

Сонымен қатар Кәмелетке толмаған жастар ісі бөлімінде 72 жасөспірім тіркеуде тұр, оның ішінде 33 – қала мектептерінің оқушылары. Қараусыз қалған және қайыр тілегені үшін уақытша оқшаулау орталығына 31 жасөспірім орналастырылды.

Кәмелетке толмаған тұлғалармен 16 қылмыс жасалды, оның ішінде 2 - мектеп оқушыларының қатысуымен.

Денсаулық сақтау саласында жоспарлы алдын-алу тексерумен 25,4 мың адам немесе жоспардан 33,3% қамтылды, оның барысында 2774 науқас анықталып, 843 адам сауықтырылды.

Жыл басынан бері жергілікті, өңірлік және республикалық денсаулық сақтау мекемелеріне Портал бюросы арқылы 2478 адам жатқызылды.

Жалпы сомасы 262,9 млн.теңгеге тегін дәрі-дәрмектерді диспансерлік есепте тұратын 9,1 мың адам алды.

Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулез ауруы - 32,8%-ға, қатерлі ісік – 18,4%-ға, туберкулез ауруынан қайтыс болу – 50,0%-ға, қатерлі ісік ауруынан қайтыс болу – 31,9%-ға, қан айналым жүйесі ауруынан қайтыс болу - 20,7%-ға, паразитарлық аурудан - 33,0%-ға төмендеді

Сонымен қатар, 100 мың тұрғынға шаққанда қан айналым жүйесі ауруы 48,2%-ға, бруцелез ауруы 1,8 есеге, вирустық гепатит 1,6 есеге, жіті ішек жұқпалары – 4,4%-ға өсті.

1000 туылғандарға шаққанда сәби өлімі көрсеткіші 35,7%-ға төмендеді. Бір ана өлімі тіркелді.

Ағымдағы жылы 60 төсекке арналған облыстық балалар ауруханасына қосалқы неонаталды хирургияның, 85 орынға арналған наркодиспансердің құрылысы басталды.

Қалада 89 спорттық және 11 мәдени іс-шаралар өткізілді.

Криминогендік жағдай барлық желі бойынша тіркелген қылмыстардың 23,5%-ға төмендеуімен сипатталады.

Қылмыстардың жалпы ашылуы 0,2 проценттік пунктіге артып 52,7% құрады.

Есепті кезеңде 100 жол-көлік оқиғалары жасалды, бұл 2016 жылдың деңгейінен 24,0%-ға төмен, нәтижесінде 131 адам зардап шегіп, 7 адам қайтыс болды.




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.